Техас билігі мен Байден арасындағы дау: Әлемдік экономикаға қандай қауіп бар?

1571

АҚШ-тың оңтүстігіндегі көші-қон дағдарысы ушыға түсті. 

Техас билігі мен Байден арасындағы дау: Әлемдік экономикаға қандай қауіп бар? Фото: AP

Заңсыз жүрген мигранттардан шаршаған Техас билігі осы мәселеде ресми Вашингтон шарасыздық танытып отыр деп айыптады. Нәтижесінде аталған штат басшылығы Джо Байден әкімшілігіне бағынудан бас тартты. Бұл қақтығыстың соңы не болмақ? Әлем және Қазақстан экономикасына қандай қауіп бар? Аталған мәселені inbusiness.kz сайтының тілшісі зерделеп көрді.

Танымал қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов қос тараптың ымыраға келгені жақсы екенін айтады. Оның сөзінше, бұл даудың ушыға түсуі айтарлықтай қаржылық зардаптарға әкеледі.

"Техас билігі мен Америка Құрама Штаттарының федералды билігі арасындағы қарама-қайшылыққа қатысты жағдай әзірге саясаттанушылар мен АҚШ Конституциясы бойынша сарапшылар талқысындағы тақырып.

Сонымен қатар, қос тарап егер ортақ шешімге келе алмаса, жағдай айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеледі. Өйткені, АҚШ доллары – алтыннан кейінгі әлемдік валюта. Дегенмен, федералды билік пен бірнеше штат арасында қақтығыс болған жағдайда доллардың позициясы төмендейді", – деп түсіндірді маман.

Әлемде басқа да құнды валюталар болғанымен, олардың сенімділігі долларға қарағанда төмен.

"Шын мәнінде доллар – әлемдік экономика. Барлық өнімдерге әлемдік бағаның баламасы болған долларды алмастыруға болмайды", – деді қаржыгер.

Сарапшы АҚШ-тағы жағдай елдің рейтингін төмендетуі мүмкін екенін айтады.

 "Техас Америка Құрама Штаттарынан өркениетті түрде немесе басқа одақтық шарттармен мәмілелер жасайтын жағдайды елестетіп көріңізші. Бұл жағдайда рейтингтік агенттіктер АҚШ-тың федерация ретінде рейтингін төмендетуге мәжбүр болады және АҚШ доллары әлемдік валюта болып қала бергенімен, оның құны өзгереді", – деп есептейді қаржыгер.

Айта кететіні, Қазақстан былтырдан бері Ұлттық қордағы алтыннан арыла бастады. Елімізде қаржылық активтерді басқарудың жаңа тұжырымдамасы бар. Соған сәйкес, бізде алтын көлемі төмендетіліп, валюталық активтер артты.

Демек, доллар әлі де инвестиция үшін басымдыққа ие. Бірақ қазіргі жағдайға қарамастан, алдағы 5 жылда долларлық валюталық тәуекелдер арта түседі.

"10 жылдық көкжиекте бұл тәуекелдер бұдан да жоғары болуы мүмкін, бірақ АҚШ-тағы сайлау нәтижелерінен кейін бұл туралы ойланайық. Жоқ, біз долларды төлем құралы ретінде айтып отырған жоқпыз. Бұл жерде біз құндылық ретіндегі доллар туралы айтып отырмыз", – деді сарапшы.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың оңтүстігі мен орталығы арасындағы шиеленіс Жоғарғы Соттың шешіміне байланысты күшейе түсті. Ведомство Федералдық шекара қызметінің қызметкерлеріне шекара учаскелерінің біріне кіруге бұйрық берген.

Нақтырақ айтқанда, ол аумақтың ұзындығы – шамамен 4 шақырым учаске. Бүгінде, оны Техас күзетшілері бақылайды. Олар федералды шекара қызметі агенттеріне кіруге жол бермеуде және жақында Мексикадан Америка Құрама Штаттарына заңсыз иммиграцияның негізгі арнасына айналған Рио-Гранде өзенінің жағасындағы шағын аймақты басып алған.

24 қаңтарда губернатор Грег Эбботт АҚШ атқарушы билігі штаттарды қорғайтын федералдық заңдарды, соның ішінде қолданыстағы иммиграциялық заңдарды орындауға конституциялық міндет жүктейтінін айтты. Дегенмен, Джо Байден бұл заңдарды орындаудан бас тартты.

Дау нысанына айналған АҚШ-тың оңтүстік шекарасынан соңғы үш жылда 6 млн-нан астам заңсыз мигрант өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу