Технологиялық бұзылудан болған

Энергетика министрлігі Атырау ЖЭО-да апаттың себебін анықтады.

Технологиялық бұзылудан болған Фото: m-astana.kz

Маусым айында Атырау ЖЭО-да болған апат технологиялық бұзылудан болған. Бұл туралы abctv.kz-тің энергетика министрлігіне жіберген сауалына берілген жауапта айтылған.

"Технологиялық бұзылудың пайда болуы мен дамуына 110 кВ Л-134 электр беру желілеріндегі ажыратқыштағы қайталама коммутация тізбегіндегі ақау себеп болған. Осы желідегі қысқа тұйықталу кезінде аталған ақау 110 кВт дифференциалды қорғау шиналарының кері жұмыс істеуіне әкеліп, осының салдарынан электр станциясының  электр тоғын өндіруі 260МВт-тан 120 МВт-қа дейін төмендеген", – деп көрсетілген хатта.

Министрлік стратегиялық нысанда технологиялық бұзылу фактісі бойынша бірыңғай электр энергетика жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандық, электр және жылу желілері жұмысындағы технологиялық бұзылуларды есепке алу мен тексеру жүргізу ережесіне сай бірінші дәрежелі жұмыс істемеуге тексеру жүргізілгенін айтты.

"Атырау ЖЭО" акционерлік қоғамындағы технологиялық бұзылу биылғы жылдың 26 маусым күні сағат 17. 20-да болған. Тұтынушыларға 80 МВт мөлшерінде электр энергиясын беруді шектеу сатылы түрде, 18 сағат 14 минуттан 23 сағатқа дейін алынды, содан кейін технологиялық процеске сәйкес "МАЭК - Қазатомөнеркәсіп" ЖШС электр тоғын өндіруді арттырған", – деп нақтылады энергетика ведомствосы.

Энергетика министрлігінің ақпары бойынша, "Атырау ЖЭО" АҚ-тағы бекітілген электр қуаты 414 МВт-ты құрайды, жазғы уақытта электр қуатын беру 304 МВт-қа жетеді. Технологиялық бұзылу болған кезде қуаты 60 МВт болатын №6 турбинада жоспарлы жөндеу жұмысы жүріп жатқан болатын.

"Осылайша, технологиялық бұзылуға дейін 260 МВт шамасында электр тоғын беруді қалыпты деп есептейміз. Технологиялық бұзылу салдарынан № 8, 9, 10 турбиналар істен шығып қалды, бұл станцияның электр тоғын беруін төмендетті", – деді министрліктегілер.

Сонымен қатар шенеуніктердің мәліметіне сәйкес, қазір "Атырау ЖЭО" АҚ-да қуаты 60 МВт болатын қосымша газтурбиналық және қуаты 65 МВт болатын бу турбиналық қондырғыларды орнату мен монтаждау жүріп жатыр.

"Сыртқы ауа температурасының көтерілуінен, энергия беру станцияларында орын алған технологиялық бұзылулар мен тұтынушылардың бекітілген қуаттан асып кетуінен, биылғы жылдың шілде айының басында Атырау және Маңғыстау облыстарында тұтынушыларға электр энергиясын шектеу фактілері болды. Министрліктің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті технологиялық бұзылуды тексерді. Тұтынушыларға олардың құқығы мен заңды мүдделері бұзылғаны туралы өтініш жолданған жағдайда олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады", – деді ведомство өкілдері.

Бұған қоса тап қазіргі уақытта KEGOC компаниясы "Қазақстанның БЭЖ Батыс аумағындағы электр желілерін күшейту" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр. Оның нәтижесі бойынша электр желісін салу туралы шешім қабылданады деп көрсетілген берілген жауапта.

Гүлназ Ермағанбетова, Данияр Серіков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу