Tele2 өзінің 10-жылдығының құрметіне орасан зор жаңа жылдық іс шара — Tele2 Show ұйымдастырды

10986

Қазақстанда Tele2-нің 10-жылдығын тойлау биік таудағы "Медеу" мұз айдынында ашық аспан астында Tele2 Show атты орасан зор концертпен аяқталды. Оператор абоненттері үшін белгілі әншілерден бастап жайдарманшылар мен белгілі TikTok-хаустарына дейін, ондаған жұлдыз өнер көрсетті.

Tele2 өзінің 10-жылдығының құрметіне орасан зор жаңа жылдық іс шара — Tele2 Show ұйымдастырды

Өткізілу орны кездейсоқ таңдап алынбады. Бір ай бұрын оператор Медеу мен Шымбұлақ аумағында деректерді берудің бесінші буынын ұстайтын желіні іске қосты. Қазір "Медеудегі" қосылу жылдамдығы 1 Гбит/с жоғары болып тұр, бұл шоу тұжырымдамасымен керемет үйлесім тапты: әрбір қосылушы жаңа технологияның артықшылықтарын сезді.

Азат Әбікен, концерттің бас продюсері: "Бәрі керемет сәйкестікте өтті: Медеу, 5G, шоу — бәрі де дер кезінде! Концерттің негізгі идеясы — заманауи қазақстандық жастардың жаңа жылдық көңіл-күймен қуатталып, Tele2-ні 10-жылдығымен құттықтауы. Меніңше, біз Қазақстанның бүкіл медиа-кеңістігінің аясында ерекше нәрсе жасадық".

Жуырда оператор статистиканы жариялаған болатын, соған сәйкес елдің бүкіл мобильді интернет-трафигінің 60%-і соның желісі арқылы өтетінін атап өтейік. Қонақтардың әлеуметтік желілердегі белсенді постинг жасауларына сүйене отырып, ұйымдастырушылар шоудың арқасында осы көрсеткішке тағы ГБ қосылады деген қорытынды жасады.

Dashxx, кештің арнайы қонағы: "Мен осы жерге келгеніме өте қуаныштымын. Күшті атмосфера және ең бастысы қар жауды, жаңа жыл сезіле бастады. Мен өзім де Tele2-ні қолданамын, сондықтан мен үшін "Медеуде" өнер көрсетудің — символдық мәні бар. Бұл жерде маңызды іс-шаралар өтеді. Сондықтан үлкен бір нәрсенің бастамасына айналатын жылдың жағымды аяғы іспеттес. 2022 жылы бұдан да күшті болатынына сенімдімін!"

Шоу сахнасы Hi-Tech стилінде безендірілген және смартфонның экраны түрінде үш тәуелсіз алаңға: біріншісі музыканттары бар ұжымдардың өнер көрсетуі үшін, екіншісі  — шоу-программасы бар жеке әртістер үшін, үшіншісі  — өнер көрсетушілерді ірі планда трансляциялау үшін бөлінген.

Tele2 Қазақстанның байланыс нарығына 2011 жылы шыққанын естеріңізге саламыз. Содан бері оператор өз абоненттеріне ең жақсысын беруге тырысып келеді: ең жақсы баға кепілдігінен бастап 4G/LTE ең ауқымды байланыс желісі мен 5G дәуірін іске қосуға дейін. Оператордың бүкіл қызметтерінің аса белсенді жұмысы 2021 жылы екі мәрте халықаралық деңгейдегі беделді марапатты алуға мүмкіндік берді. SpeedTest қолданбасында мыңдаған абоненттің дауыс беру нәтижелері бойынша Tele2 интернеті үш негізгі көрсеткіш бойынша Қазақстандағы үздік интернет атанды: елдегі "Мобильді интернеттің ең жоғары жылдамдығы", "Үздік қамту" және "Үздік мобильді желі".

AKHA, кештің арнайы қонағы: "Бізді Алматы қаласы үшін мереке ұйымдастыруға шақырды — біз қуана келістік!  Келдік, ән шырқадық, өте күшті болды, қатты ұнады. Мен осы іс-шараны бүкіл 10 балға бағалар едім! Адамдардың сырғанап жүріп, ән тыңдағандары қатты ұнады".

Tele2 өзінің 10-жылдығының құрметіне желі, инновациялық және ыңғайлы тарифтік ұсыныстармен ғана жұмыс істемей, сонымен қатар абоненттерге белсенді түрде сыйлықтар сыйлады, керемет мәдени оқиғалар ұйымдастырды және позитивті эмоциялар сыйлады. ZAQ-пен бірге миллион рет қаралған клип шығарды: "Tele two, Tele eki". "Байланыста" интерактивті веб-сериалы бас кейіпкерлердің романтикалық қарым-қатынастарының негізінде ауылдарды мобильді байланысқа қосудың әсерлі оқиғасын баяндап берді. Ал Tele2 Show нағыз жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.

Moldanazar, кештің арнайы қонағы: "Мен өзім де 2015 жылдан бері Tele2 қолданушысымын. Әрине, шоуға шақырған кезде, мен келістім! Маған Tele2 ұнайды және онымен бірге қызмет жасауға тек қуанамын. Біз әрдайым аспаптарда жанды дауыспен ойнаймыз, бірақ қыста — қиын, себебі ішекті аспаптардың даусы суықтан бұзылады. Әрдайым қауіп бар, дегенмен біз жұмыс істеп жатырмыз".

Шоудың бейненұсқасын барлық қазақстандықтар жаңа жыл түнінде Tele2 Kazakhstan-ның YouTube-арнасынан көре алады.

Сергей Коньков, Tele2-нің Қазақстандағы бас директоры: "Біз үшін ерекше мақтаныш оператордың "250+" жобасына белсенді қатысуы болып табылады, өткен жылы компания еліміздің шалғайдағы 238 елді мекенін мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті, сол жердің тұрғындарына Бүкіләлемдік желінің артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігін берді. Еліміздің шалғайдағы тұрғындары да біздің жаңа жылдық концертімізді көріп, белгілі композицияларды бізбен бірге шырқай алатынына сенімдіміз".

Шоу жүргізушілері — Ольга Спирина және Ілияс Жапаров, сондай-ақ "Stand up Jeltoksan" комик-тобы. Кеш бағдарламасында өнер көрсеткендер: Colorit, MAKVIN, Say Mo, Moldanazar, TikTok houses (Yolo, BIP), сондай-ақ "Астана" жайдарман командасы. Кештің арнайы қонақтары — Ninety One тобы. Мерекелік концерт отшашумен және ZAQ-тың "Tele two, Tele eki" атты трегімен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу