Бұл туралы бокстан әлем чемпионы Ердоc Жаңабергенов "Бокс студиясына" берген сұхбатында айтып өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол сұхбат барысында Төреханның мінезі мен тәртібін ерекше тоқталады. Расында, 2025 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдегері рингтегі шеберлігімен қатар, рингтен тыс жердегі мәдениеті, кәсібилігі және тәртібімен де танымал.
– Мысалы, Төрехан Сабырхан. Мен білемін, оның телефоны 22:30-да міндетті түрде өшеді. Міне, нағыз тәртіп пен әкенің дұрыс тәрбиесі! – деді Ердоc Жаңабергенов.
Ол бүгінгі спортшыларға дәл осындай жауапкершілік пен тәртіп жетіспейтінін жасырмады.
Шыны керек, Төрехан Сабырхан қазіргі уақытта қазақ боксының болашағы саналып отыр. Ол Олимпиада ойындарының бірнеше мәрте жеңімпазы болғысы келеді.