Телефоныңызға қысқа уақытта көп хабарлама келсе, алаяқтар болуы мүмкін

157

Полиция қызметкерлері кодты ешкімге айтпау керектігін ескертеді.  

Телефоныңызға қысқа уақытта көп хабарлама келсе, алаяқтар болуы мүмкін Фото: larepublica.pe

Абай облысының полицейлері "СМС-бомбинг" жағдайында азаматтарды қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қысқа уақыт ішінде телефон нөміріне көп мөлшерде SMS-хабарлама келуі алаяқтардың әрекеті болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қаскөйлер өздерін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырып, телефонға жасалған жаппай SMS-шабуыл анықталғанын айтуы ықтимал.

– СМС-бомбинг кезінде телефонға қысқа уақыт ішінде көптеген хабарлама келуі мүмкін. Олардың арасында әртүрлі сервистерге тіркелу туралы хабарламалар, жарнамалық ұсыныстар және кіруді растау кодтары болуы ықтимал, – делінген ақпаратта.

Алаяқтар абонентке мәселені шешу үшін "антиспам" қызметін қосуды ұсынып, телефонға келген SMS-кодты айтуды сұрауы мүмкін.

– SMS арқылы келген растау кодын басқа адамдарға бермеңіз. Мұндай кодтар аккаунтқа кіруді немесе белгілі бір операцияны растау үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер телефонға қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде хабарлама келсе сабыр сақтап, келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз. Қажет болған жағдайда телефонды уақытша авиарежимге ауыстырыңыз. Мобильді байланыс операторына хабарласып, жағдай туралы ақпарат беріңіз, – делінген хабарламада
Полицейлер бөгде адамдарға SMS арқылы келген кодтарды хабарламауды ескертеді. Егер кодты айтып қойған болсаңыз, тиісті сервиске немесе банкке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына дереу хабарласқан жөн.

Қырағылық танытып, күмәнді қоңырауларға сенбеңіз және жеке мәліметтеріңіз бен SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу