Темірлан Анарбекке еуропалық клубтар қызығушылық танытып жатыр

453

"Қайрат" қақпашысы мінсіз ойынымен Чемпиондар лигасының үздік 7 ойыншысы қатарына енді. 

Темірлан Анарбекке еуропалық клубтар қызығушылық танытып жатыр Фото: Жеке парақшасынан

Қысқы трансфер терезесі ашылмай жатып Темірланның есімі Португалияның қос алпауыты – "Бенфика" және "Спортингтің" тізіміне енгені белгілі болды. 

Португалиялық журналист Альмейданың хабарлауынша, топ клубтардың скауттары Анарбековке қызығушылық танытуда. 

Аталмыш клубтар трансфер үшін 2,5 млн еуро төлеуге дайын және қысқы трансферлік кезең басталғанда футболшыны сатып алуға ресми ұсыныс жасалмақ.

Айта кетейік, "Қайрат қақпашысы мінсіз бағасымен Чемпиондар лигасының үздік 7 ойыншысы қатарына енді.

Ол Чемпиондар лигасының "Пафос" командасына қарсы өткен кездесуінде көрсеткен ойыны үшін 10.0 деген баға алып, турнирдің жалпы кезеңіндегі үздік ойыншыларының қатарына кірді.

Үздік жетілікте келесі футболшылар бар: Фермин Лопес ("Барселона"), Йенс Петтер Хауге ("Галатасарай"), Марк Флеккен ("Байер 04"), Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид"), Гульельмо Викарио ("Тоттенхэм") және Фил Фоден ("Манчестер Сити").

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу