Аталған тізімге қазақстандық "Қайрат" клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков те енді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мамандар жоғары бағалаған сейв Данияның "Копенгаген" клубына қарсы ойында тіркелді. Қақпаға бағытталған қауіпті соққы кезінде Анарбеков допты алыс бұрыштан қайтарып, командасын голдан құтқарып қалды.
Темірлан Анарбеков 2003 жылғы 14 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. 2017 жылдың қарашасынан бастап Қайрат академиясында тәрбиеленді. 2020 жылы небәрі 17 жасында Премьер-лигада "Таразға" қарсы матчта алғашқы ойынын өткізді.
2022 жылы Бірінші лигада өнер көрсеткен "Қайрат-Жастар" командасының капитаны атанды. Ал 2024 жылғы маусымда астаналық "Жеңіс" клубында жалға ойнап, командамен бірге Лига кубогының финалына дейін жетті.
Негізгі кезеңде "Қайрат" бірқатар мықты қарсыластармен кездесіп, "Спортинг", "Реал Мадрид", "Интер", "Олимпиакос", "Копенгаген", "Брюгге" және "Арсеналға" қарсы ойындар өткізді. Кипрдің "Пафос" клубымен өткен матч тең нәтижемен аяқталды.
Сондай-ақ UEFA Чемпиондар лигасы бойынша жарияланған ресми статистикаға сәйкес, сегіз тур қорытындысында Темірлан Анарбеков 36 сейв жасап, барлық қатысушы командалардың қақпашылары арасында үшінші көрсеткішке ие болды.