Теміртау қаласы ауасын негізгі ластаушы - "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы

1650

Компания 5,8 млрд теңгеге айыппұл салынған. Алайда бұл іс сотта қаралып жатыр. 

Теміртау қаласы ауасын негізгі ластаушы - "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы Фото: liter.kz

Қоршаған ортаға зиянын келтіретін отандық ірі бизнес нысандары қатарында Норт Каспиан оперейтинг, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Арселор Миттал Теміртау, КазЦинк, АқтөбеМұнайГаз, СНПС, ERG компаниялары бар. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Бұл компаниялар орналасқан өңірдің тұрғындары, күн сайын олардың әсері туралы, соның салдарынан облыс экологиясының нашарлағаны туралы шағым айтады. Экология министрлігі де өз тарапынан тиісті шаралар қолданып жатыр", - дейді Зұлфұхар Жолдасов. 

Сондай-ақ, ол Теміртау қаласындағы шетелдік инвестор басқаратын ірі компанияға қатысты мәліметтерді жария етті. 

"Арселор Миттал Теміртау" Теміртау қаласы ауасын негізгі ластаушы. Ластау үлесі 86%-дан жоғары, жалпы 240 тонна. Ал, кәсіпорынның үлесі қазіргі таңда 210 тонна. 2021 жылы компания қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алған болатын, 2022 жылы эмиссиялар нормативін 25%-ға қысқарту шартымен рұқсат алды. 2023 жылға кәсіпорын экологиялық рұқсат алған жоқ. компания тарапынан жіберілген өтінім қазір комиссияның қарауында жатыр", - дейді Зұлфұхар Жолдасов. 

Оның айтуынша "Арселор Миттал" компаниясына жыл сайын экологиялық бақылау жүргізіледі. Аймақтық экология департаменті биылғы 9 айдың ішінде ғана компанияға қатысты жоспарлы және жоспардан тыс 7 тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижесінде нормативтен тыс шығарынды, бейорганикалық шаңдар, бұрын берілген нұсқаулардың орындалмауы, бөлінген газдарды ұстап қалу бойынша тиімсіз жұмыс жүргізілу секілді бірқатар Экологиялық заң талаптары бұзылғаны анықталды",- дейді.

Сол себепті компанияға 5,8 млрд теңгеге айыппұл салынған. Алайда, ол соманы компания сотта даулап, арыз-шағым түсірген, қазір бұл іс сотта қаралып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу