"Теміржол Жөндеу" ЖШС техника тұрағын жаңа электрбалластермен толықтырды

6003

Жоғары технологиялық электрбалластер  бірнеше техниканың орнын алмастыруға, теміржол жөндеу жұмыстарының мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. 

"Теміржол Жөндеу" ЖШС техника тұрағын жаңа электрбалластермен толықтырды Фото: rail-news.kz

 "Қамқор Менеджмент" компаниялар тобына қарасты "Теміржол Жөндеу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы техника паркі ЭЛБ-4С жаңа электр балластерімен толықты. Жоғары технологиялық машина қосымша тұрақтандырғышпен жабдықталған, бұл жолды пайдалануға бермес бұрын оның жоғарғы құрылысын бұзбай жөндеу жұмыстарын жасауға және жөндеу жұмысының мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz Rail-news.kz-ке сілтеме жасап.

"Теміржол жөндеу" компаниясына қарасты Астана жол машинасы станциясының аумағында ЭЛБ-4С электр балластерін үлкен жолға шығару алдындағы ісшарасы өтті. Оған компанияның бас директоры Айбек Терекбаев, теміржол құрылысы және  теміржол жөндеу жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Ақпаров, компанияның қауіпсіздік жөніндегі бас ревизоры Бахытжан Садриев, сонымен қатар Астана ЖМС директоры Асхат  Бурманов және еңбек ұжымы қатысты.

– Биыл "Теміржол Жөндеу" ЖШС өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы кезеңде компания "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ қажеттіліктері үшін    3600 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізді, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа теміржолдардың құрылысын сәтті және мерзімінде аяқтады, - деп мәлімдеді "Теміржол Жөндеу" компаниясының  бас директоры Айбек Терекбаев.

Сондай-ақ 2021 жылы "Қамқор Менеджмент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде  жол техникасын жаңарту бойынша "Теміржол жөндеу" компаниясының  инвестициялық бағдарламасы бекітілгенін еске салды. Аталмыш бағдарлама аясында  сол кездің өзінде компания жол бағандарын реттеуге қажетті шағын механикалы машиналарды  сатып алған,  ал 2022 жылы  жол төсеу кешенін жаңартып, үш МПК, УСО 22 платформасын іске қосқан.

"Міне, бүгінгі күні ЭЛБ-4С электр балластер техникасын алуымыздың өзі  бастапқыда атап өткен бағдарламаның аясында жүріп жатқан іс. Бұл жүк көтеру, жолды орташа және күрделі жөндеуден өткізу, сонымен қатар жаңа желілерді салуда қолданылатын көп функционалды машина", - деп атап өтті компания басшысы Айбек Терекбаев.

Электр балластер  жолды механикалық түрде көтеруге және қозғалыс кезінде көтерілген шпалдардың астына ұсақ тас төсеуге арналған техника. Бұл техника жолды теңестіруге, түзетуге мүмкіндік беретін "навигатор" жүйесімен жабдықталған.

Жол техникасын жеткізуші ресейлік "Синара – Транспортные машины" холдингі. Бұл компания заманауи теміржол техникасының кең спектрін шығарумен қатар, тұтынушыға кепілдік қызметті де, техниканы қолдану барысында толық сервистік қызметті де  ұсынады.

"Өткен жылы техникалық басшы екеуміз Ресей Федерациясына полигонға бардық. Онда осы техниканың жұмысын және оның тиімділігін бағаладық. Елге келгеннен кейін "Қамқор Менеджмент" басшылығына "Астана ЖМС"  филиалының қажеттіліктері үшін ЭЛБ-4С керек екенін айтып, техниканы сатып алуға өтініш білдірдік. Арада  2 ай өтер-өтпестен, көріп тұрғандарыңыздай, көлік алдымызда. Бізге, теміржолшылар үшін техника құрамын  жаңарту - бұл аса маңызды, өйткені жаңа техника жұмыс тиімділігінің көрсеткіштерін де арттырады", – дейді аталмыш компанияның Теміржол құрылысы және теміржол жөндеу жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Ақпаров.

 Қазіргі кезде  "Теміржол жөндеу" арсеналында  жаңа электр балластерді қосқанда осындай алты техника бар. Десе де  жаңадан сатып алынған электр балластердің осыған дейінгі техникалардан айырмашылығы бар. Мысалы, шпалдардың астын ұсақ тастармен тығыздайтын қосымша мүмкіндігі бар. Ал ол өз кезегінде бұл жұмыстарды жолды бұзбай және пойыздардың жылдамдығын төмендетпей жасауға, сондай-ақ рельс пен шпал торларын жобалық талапқа келтіруге, балласт призмасын  түзету сынды жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді.  

"Мұның барлығы жолдың жоғарғы құрылысын пайдалануға беру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, өйткені поездарды жолды сынақтан өткізуге уақыт талап етілмейді, соның арқасында жолды жөндеу мерзімі де қысқарады", – дейді "Теміржол Жөндеу" бас директоры Айбек Терекбаев.

"Жаңа электр балластері техниканың бірнеше түрін алмастырады және еңбек шығындарын азайтады", - дейді "Теміржол Жөндеу" ЖШС  филиалының Астана ЖМС бас механигі Дастан Айтымов.

Электр балластерін басқаруға төрт адам қатысады. Компания қызметкерлерін қосымша оқыту қажет емес. Қазіргі уақытта ресейлік мамандар баптау жұмыстарын жүргізуде. Ал сәуір айынан бастап жаңа ЭЛБ-4С техникасының мүмкіндіктерін тәжірибеде көретін боламыз. Машина магистральдық желіде Павлодар бөлімшесінің Құркөл-Көктөбе біржолды учаскесінде қолданылатын болады.

"Астана ЖМС-те 20 жылдан астам,  ал ЭЛБ-да 2004 жылдан бастап жұмыс істеймін. Әрине, жаңа  машиналардың   функционалдылығы жоғары, әрі жаңа техникалар басқаруда қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Біз "Қамқор Менеджмент" басшылығына теміржол техникаларын жаңартып,  жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсартқаны үшін алғысымызды білдіреміз" – деп ойымен бөлісті Астана ЖМС ЭЛБ жол машиналары бастығы Лялин Александр.

Өз сөзінде құрметті теміржолшы,  "Теміржол Жөндеу" қауіпсіздік жөніндегі бас ревизоры Бақытжан Садриев бүгінгі таңда саланың алдында,  елдің транзиттік әлеуетін арттыру бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын және жаңа техника қойылған міндеттерді шешуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Биыл бізді екінші жолдарды салу, станцияларды дамыту, теміржол төсеміне күрделі жөндеу жүргізу және жаңа бағыттамалы бұрмаларды орнату сынды жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан Қазақстан аумағында қанша көлемде және қандай жылдамдықта тасымалдау мүмкіндігі болатыны біздің жұмысымыздың сапасына байланысты болады", – деп сөзін түйіндеді Бақытжан Садриев.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу