Теміржолдарға жасанды интеллект енгізілмек

95

Алдағы үш жыл ішінде 1391 шақырым жаңа теміржол салынбақ.

Теміржолдарға жасанды интеллект енгізілмек Фото: linkedin.com

Елдің темір жолдарына жасанды интеллект және Smart Rail жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі таңда теміржол саласын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Саланың барлық негізгі объектілері бойынша деректерді бірыңғай Data Lake қалыптастыруда. Алдағы уақытта Smart Rail жүйесін енгізу көзделген. Бұл жасанды интеллект пен аналитиканы қолдану арқылы басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шығындар азайып, қауіпсіздік күшейеді", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Министрдің мәліметінше, алдағы үш жыл ішінде 1391 шақырым жаңа теміржол салу жоспарланған.

"Сондай-ақ, мың шақырым жолды жаңғырту, жылжымалы құрамды жаңарту, терминалдық желіні кеңейту және цифрлық сервистерді дамыту көзделіп отыр", – деді Көлік министрі.

Айта кету керек, бұған дейін Олжас Бектенов "ҚТЖ" басшысына тапсырма бергенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу