Теңгенің нығайғаны бюджетке тиімсіз

2898

Ақпан айында ұлттық валюта нығайып, мемлекет қазынасына түсетін жоспардан тыс кірістің өсу қарқыны баяулады.

Теңгенің нығайғаны бюджетке тиімсіз

Ақпан айында салық түсімі бойынша мемлекет бюджетіне 9,1% жоспардан тыс кіріс түскен, ал қаңтар айында 11,3% болған, деп көрсетілген E-Minfin сараптама орталығы ұсынған жаңа есепте.

Қаңтар және ақпан айларында мемлекет бюджетіне 751,8 млрд және 444,9 млрд теңге түсті. Нәтижесінде осы жылдың екі айында қазынаның кірісі рекордтық 1,2 трлн теңгеге жеткен, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,3%-ға немесе 176,6 млрд теңгеге артық.

Сонымен бірге мемлекет бюджетіне түсетін жоспардан тыс салық кірісінің өсу қарқыны артқанын байқауға болады. Ақпан айында жоспардан тыс кірістің өсуі алдағы аймен салыстырғанда 20%-ға баяулап, 11,3 пайыздан 9,1%-ға түскен.

Ақпан айындағы 688,8 млрд теңге жоспардың орындалуын санмен көрсететін болсақ, ол 751,8 млрд теңге болды. Яғни шамамен 63 млрд теңге артығымен орындалған. Қаңтар-ақпан айындағы жиынтық кіріс жоспардан 108,1 млрд теңгеге немесе 9,9%-ға артық болған.

Кірістің артуына ақпан айындағы төл теңгенің нығаюы да әсер етуі мүмкін. Ұлттық банктің теңгенің долларға шаққандағы нарықтық бағамы 3,63%-ға нығайып, 324,24 теңгеден 312, 47 теңгеге жеткен. 2017 жылдың басынан теңгенің долларға шаққандағы бағамы 6,25%-ға нығайған.

Кірістің баяулауына осы бюджетті нақтылау барысындағы жоғары база нәтижесімен байланысты статистикалық амал әсер етуі мүмкін. Еске салар болсақ, 21 ақпан күні президент салық түсімінің 533 млрд теңгеге артуын жобалап отырған елдің басты қаржы құжатына енгізілген өзгеріске қол қойды. Осының нәтижесінде тек ақпан айының салық жоспарының өзі 11,5%-ға, 617 млрд теңгеден 688 млрд теңгеге дейін артты.

Бюджет кірісі негізінен жергілікті бюджет (ЖТС, әлеуметтік және жер салығы есебінен) пен республикалық бюджеттің (негізінен ҚҚС, КТС және табиғат ресурстарын пайланудан түскен түсім есебінен) біршама өсуінен баяулап отыр.

Салықтық емес кіріс 1 наурызда жоспардан 1,9 есеге асып, 36,7 млрд теңгеге жеткен. Ұлттық қордан республикалық бюджетке түскен трансферт 210 млрд теңгені құрап, жоспарланған деңгей 439,4 млрд теңгеден екі есе аз болған.

Мемлекеттік бюджеттің жалпы кірісі қаңтар-ақпан айларында 1,45 трлн теңге болды, бұл болжанған мәннен 6,2%-ға (96,5 млрд теңге) аз болды, бірақ былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 37,4%-ға (395,3 млрд теңге) артық.

Арман Жақып

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу