Tengri Bank пен Capital Bank бірігуге ниетті

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
21757

13 наурызда "Tengri Bank" АҚ мен "Capital Bank Kazakhstan" АҚ акционерлері екі қаржы институтының бірігуге ниеттілігі туралы меморандумға қол қойды.

Tengri Bank пен Capital Bank бірігуге ниетті

"Біріккен банк Қазақстан қаржы нарығында өз орнын алады деп болжанып отыр. Банктердің шоғарландырылған капиталы 43,2 млрд теңгені құрайды, бұл оған екінші деңгейлі банктер рейтингінде 17-орынға көтерілуге мүмкіндік береді. Біріккен банктің жеткілікті капитал нормативі 19%-ға жетеді, бұл ең аз мөлшерден 2,4 есеге жоғары", – деп жазылған "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның KASE сайтында жарияланған ақпаратта.

Мұндай шешім бірінші кезекте қос банктің депозит салымшыларының мүддесі үшін жасалып отыр және бұл бизнесті дамытуға, банктер көздеген стратегиялық міндеттерді орындауға жағымды әсер ететінін айтады банктер өкілдері.

Хабарламада Қазақстан нарығында банк институттарын шоғарландыру есебінен ірілендіру екі банктің де стратегиясында көзделгені атап өтіледі. Ал келіссөздердің табысты аяқталуы болашақта бұл бағытты дамытуға мүмкіндік тудырады.

Қаржы институттарын қайта құру Қазақстан заңнамасы мен халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Қазіргі кезде Tengri Bank пен Capital Bank Kazakhstan корпоративті қаржыландыру бойынша және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуде банк қызметтерінің толық кешенін ұсынады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Tengri Bank акционерлері: Punjab National Bank-ке (Үндістан) банктің қарапайым акцияларының 49% тиесілі және жеке тұлғалар: К.Әлімов – 8,85%, А.Қуанышева – 9%, Р.Рахымов – 7,29%, М.Ыдырыс – 9,07%, А.Бекжанов 7,71%-ға иелік етеді. Жарияланған қарапайым акциялар саны – 30 млн, орналастырылғаны – 22 млн дана. ҚР Ұлттық банкінің ақпараты бойынша, 2017 жылдың 1 ақпанында банктің өз капиталы – 22,5 млрд теңге (Қазақстанның 34 банкі арасында 26-орын), жиынтық активтері – 65,6 млрд, қарыз қоржыны 50,2 млрд теңгені құрады.

Кәсіпкер Орифджан Шадиев Capital Bank Kazakhstan-ның жалғыз акционері болып табылады. 2017 жылдың 1 ақпанында банктің өз капиталы – 20,8 млрд теңге, жиынтық активтер – 86,9 млрд теңге (24-орын), қарыз қоржыны 70,8 млрд теңгені құрады.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу