Теңізшевройлдағы жағдай Whatsapp-тағы суреттен болуы мүмкін

7765

Оқиға орнына барлық құзырлы органдардың басшылары мен аудан прокуроры барды.

Теңізшевройлдағы жағдай Whatsapp-тағы суреттен болуы мүмкін

Consolidated Contracting Endineering and Prokurement S.A.L Offshore (ССЕР) компаниясында әкімші болып жұмыс істейтін Ели есімді шетел азаматы қазақ қызымен түскен "ыңғайсыз" суретін ұялы телефонындағы ватцаб желісінің аватарына орнатып қойғаны үшін жергілікті жігіттерден өлімші болып таяқ жеді.

Әлеуметтік желілер арқылы шетел азаматының соққыға жығылып жатқан сәті, қазақ қызымен түскен суреті және бейтаныс 3 шетел азаматының қанға бөгіп жатқан видеосы жарияланды.

Бұған қоса автобустарға тас атып жатқан азаматтардың видеосы жүктелді.

Элидің байланыс рациясының антеннасын қазақ қызының аузына тигізіп түскен суретін жергілікті жігіттер қазақ қызын қорлады деп қабылдады.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерге Қазақстан президенті Қасымжомарт Тоқаевтың назарына! Деген хат жарияланды. Хатты қаз-қалпында жариялап отырмыз.

"Суретте Eli Daoud деген араб жігіті. Consolidated Contracting Endineering and Prokurement S.A.L Offshore (ССЕР) компаниясында Senior Logistik Administrator лауазымы бойынша қызмет атқарады. Яғни, суреттегі Эли есімді араб жігіті Атырау облысы, Жылой ауданына қарасты алпауыт өндіріс кәсіпорны Теңіз кенішіндегі Сиси фирмасында администратор болып жұмыс жасайды. Назарларыңа ұсынылып отырған суретті Эли өз ватцабына бекітіп қойған. Демек ол суретті күллі әлем көріп отыр деген сөз. Ал сурет нені меңзейді? Элидің байланыс рациясының антеннасын қазақ қызы аузына салып тұр. Өздігінен солай жасады деп ойлайсыңдар ма? Жоқ! Ол – суретке әдейі солай түсуді ниет еткен Элидің фантазиясы! Еліне мына жақта қалай өмір сүріп жүргенін көрсетіп отырған қыры және бұлардың ыңғайын қамшы салдырмай түйсінетін қазақтың өрімдей жас қызының анайы әрекеті! Суретке дұрыстап анализ жасасақ, сурет бетіне Эли мен қазақ қызының ортасына тілін шығарып күліп тұрған смайлик салуының өзі біраз нәрсені аңғартады. Уақытында күйеуге шығып, күйеуінің қас-қабағына қарап, қамшы салдырмай өмір сүре алмас еді ғой. Мына сурет түгел қазақ халқына сын! Мына нақұрыс қазақ ұлтын қорлады! Ұлт тамырына балта шапты! Эли ұлтараздық қақтығыс туғызуға жол ашты! Теңіздің көтерілуіне себеп болайын деп тұр! Мен бұл арабқа тиіссем "бүлікші, арандатушы, ұлтараздық қақтығысты қоздырушы" атанар едім және маған сол бапта қылмыстық іс ашылып менің қыр соңымнан қалмай жауапқа тартар еді. Сонда қалай, қазақтың ата заңы шетелдікті ұлықтап өз ұлтын қорлауға негізделген бе? Бұл жерде қазақ ұлтының арына тиіп, қазақтың намысын қоздырып, ұлтараздық ши шығарып отырған кім? Мысалы, мен Сауд Арабиясына барып, ол жерде администраторлық қызмет атқарып, арабтың уылжыған жас қызын қол астымда жұмсап, эротикалы жанрда суретке түсіріп, оны әлем көретіндей өз ватцабымның төріне іліп қойып шалқайып жүре аламын ба? Жоқ! Олай болатын болса, мені бірден ынтықтың түбіне аттандырып жібереді. Ал бұл араб ұлтты қорлау секілді нәрселерді қалайша батыл жасап отыр? Қазақ қыздарының бәрі жезөкше дегеннен туындаған ой ма? Әлде қазақ қыздарының сұрауы жоқ дей ме? Дәл осы суреттің арты үлкен сойқанға алып келерін ойламаған Эли біріншіден қазақ ұлтын менсінбейді, бізді намыссыз ұлт және құл көреді және де ондай түсінікті қол астындағы бір-біріне алауыз, бір-бірін лауазым, атақ-даңқ үшін үнемі сатып, шибөрінің кейпін сомдап жүрген жұмысшыларға қарап есеп жасаған. Әшейінде, әлеуметтік желіге шындық пост салатындарды жіті қадағалап, артынан қалмай аңдитын құзырлы орындар мынандай келеңсіздіктерді неге көрмейді? Сисидің басшысы Рысқали мал қоралап жүр ме? ТШО-ның генеральный директоры Имер Боннер қол астындағы мекемелерді қадағаламай "ай" қарап отыр ма? Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев мырза, облыс прокуроры Х.Дауешов, ПД басшысы Қ.Үмбетқалиев, аудан әкімі Азамат Бекет, аудан прокуроры Дәурен Медетбеков, ІІ бөлімі басшысы Марат Тағаниязов, Нұр-Отан, Жастар одағы, қысқасы, осы ауданды билеп отырған барлықтарың, мына нәрсеге мұқият назар аударыңдар! Эли осы уақытқа шейін қанша жазықсыз қазақ жастарын негізсіз жұмыстан шығарумен және орнына ақшамен жаңа жұмысшы алумен шұғылданып келген. Ол әрекетін қасындағы жандайшап қазақтардың қолымен жүзеге асырып отырған. Осы қылығы үшін Эли жұмыстан босатылсын және қара мөр басылып елден қуылсын! Ана суреті үшін ел алдынада, сот алдында кешірім сұрап жауапталсын! Қазақ ұлтынан кешірім сұрап бейнетаспа түсіріп әлеуметтік желіге жарияласын! Элиге қатаң шара қолданылсын! Дәл осы ұлтараздық мәселесіне байланысты Теңіз түгел көтеріліп кетуі әбден мүмкін! Себебі бұл уәж намыстан жарылайын деп әрең шыдап жүрген қанды азаматтардың шырылы және қатаң ескертпесі! 2016 жылғы түрік қырғыны да осындайдан орын алған. Енді түріктің орнын араб басты ма? Діндар деген ұлттардың қазақ ұлтына жасап жүрген мұндай қорлығы мен мазағын Астанада қаннен-қаперсіз отырған депутат-министрлер біле ме? Елбасшы Тоқаев мырза, ел бүлінбесін десең, мұндай Эли сияқты жүгенсіз кеткен айғырсымақтарға құрық салып кестіріп таста! Ал ана суретке түскен қазақ қызын да елге, қазақ деген ұлтқа күйе жаққан қылығы мен әрекеті үшін Теңіз аймағынан түбегейлі қуылып, енді Теңіз маңында өмірі жұмыс жасамайтындай мөр соғылсын! Үлкен көлемде айыппұл салынсын! Бұл қыздың ата-анасы, тума-бауырлары, намысты аға-інісі бар ма екен? Әлде осы тышқандай қыздың ақшасына өмір сүріп несиесін жауып отырған тірі жандар ма екен? Ана қыздарыңа ие болыңдар! Бір ай бойына қыздарыңның немен шұғылданып жүргенінен хабарларың бар ма? "Қыздың өз еркі, өзі біледі" деген ойы барларға айтарым, ондай еріктеріңді қазақ азаматтығынан шығып, Элидің аулына барып жасаңдар! Ұлтты күйдірмеңдер! Қазақ ұлтымен ойнамаңдар! Қазақ айтады да қояды деп те ойламаңдар! Ашу-ыза кеңірдекке тірелді. Лап ете түсу қас-қағым сәт! Оған себеп болып отырғандар инвестор аталатын арампиғылды шетелдіктер! Сондықтан да, алдарыңнан өттік! Бұл мәселе шешімсіз қалмайды! Әлеуметтік желі бойынша ескертілді! Бұл ертеңгі күнгі сұраққа жауап есебінде! Құзырлы орын қызметкерлері, елде тыныштық болсын десеңдер, осы жазбаны басшылыққа ала отырып, айтылған мекен-жайды Элиімен қоса жіті тексеріп, жауапқа тартуларың сұралады! Айтылған ескертпелерден қорытынды болмаса, Сиси мекемесі алдында үлкен сұрау басталады! Элиге дала заңы, баба заңы бойынша қазақша жаза қолданылуы бек мүмкін! Арсыз қылық жасап суретке түскен, қазақ қыздарын мазақ еткен шетелдіктер туралы өзге де ақпараттар болып жатса, фейсбук желісіндегі Болат Қараболаттың парақшасына пікір қалдыруларыңа болады. Еңселеріңді көтеріңдер, көздеріңді ашыңдар, саналарыңды оятыңдар! Өз елімізде өзге ұлттың басынуына жол бермейміз!"-деп жазылған.

Атап көрсетерлігі хатқа "Жанайқай Теңіз кенішіндегі намысты жігіттердің атынан дайындалды!" деп қол қойылған.

29 маусым 2019 жылы, сағат 11:00 шамасында "Теңіз" вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)" компаниясы жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында "Whatsapp" желісіне қойған суретіне наразылықтарын білдірген. Суретте Eli Daoud қолында рация ұстап тұр, оның антеннасы қызға қарай бағытталған. Оқиға орнына барлық құзырлы органдардың басшылары мен аудан прокуроры барған.

Жұмысшылармен кездесуге облыс әкімі, ПД басшылығы, ҰҚҚД, облыс прокуроры ұшып кетті.

Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, деп осыған Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Теңізшевройлдағы жағдайға байланысты Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов бүгін кешке Атырауға ұшады.

ТШО жағдайды реттеу үшін және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамту мақсатында жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз байланыста!

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу