Теннисші Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

396

Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитет мәлім етті.

Теннисші Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды Фото: ҰОК

Отандасымыз Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшы 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль иеленді.

Мец қаласындағы турнирде Құрманғалиев Коннор Гринді (Англия) – 3:0, Энрике Риосты (Пуэрто-Рико) – 3:0, Ма Ёнминді (Корея) – 3:1, Флавио Мурьені (Франция) – 3:2, Ли Сынсуды (Корея) – 3:1, Юлиан Чиритуды (Румыния) – 3:1, Ян Хао-Дженді (Тайбэй) – 3:1 есебімен жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу