Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина – қытайлық Сюй Ифань ширек финалда ұлыбританиялық Хэрриет Дарт – тағы бір қытайлық Сю Ванмен тартысты кездесу өткізді.
Бірінші партияда ұлыбританиялық-қытайлық жұп бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екіншісінде қазақстандық-қытайлық дуэт есе қайырды – 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңіс Данилина мен Ифаньның қанжығасында кетті – 10:7.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу