Жартылай финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, жапониялық Сюко Аояма мен Тайбэй өкілі Энь Шуо Лянға қарсы ойнады.
Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесу екі сетке созылды. Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Енді шешуші кездесуде Анна Данилина мен Александра Крунич АҚШ теннисшісі Тэйлор Таунсенд пен чехиялық Катерина Синяковамен алтын медальді өзара сарапқа салады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу