Теннисші Елена Рыбакина 2 мәрте жыл спортшысы атанды

140

Алматы қаласында спорт пен бизнес саласында ұлттық Metaratings Top Awards сыйлығы табысталды.  

Теннисші Елена Рыбакина 2 мәрте жыл спортшысы атанды Фото: ktf.kz

Оның қорытындысымен түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталмыш байқау биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл 20-30 наурыз аралығында халықтық дауыс беру нәтижелерін ескере отырып, қазылар алқасы әр аталымда үш үміткердің ішінен біреуін таңдады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина ең көп дауыс жинап, "Жыл спортшысы" марапатына ие болды. Осылайша, Елена екінші рет спорт жанкүйерлерінің таңдауына ілікті. 

Айта кетейік, 2025 жылы Рыбакина мансабында алғаш рет WTA Finals турнирінде жеңіске жетті. Ал 2026 жылдың басында ол өзінің екінші "Үлкен дулыға" титулына қол жеткізіп, Australian Open турнирінің чемпионы атанды. Қазіргі уақытта ол WTA рейтингінде екінші орында тұр. Жақында Елена Лондондағы WTA 500 турнирін сәтті бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу