Теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 финалына шықты

288

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.  

Теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 финалына шықты Фото: olympic.kz

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші US Open-2026 финалына шығу үшін әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Еленаның 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер хард кортында 2 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Елена "Үлкен дулыға" турнирінің финалына шықты. Шешуші кездесуде ол әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Сонымен қатар, Рыбакина әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуды қамтамасыз етті. Финалдық матчтың нәтижесіне қарамастан, қазақстандық теннисші US Open аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің көшін бастайды. WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасы дүйсенбі, 14 қыркүйекте жарияланады.

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны "Әлемнің бірінші ракеткасы" атағына ие болуымен құттықтады.

Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы атанғаннан кейін мәлімдеме жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу