Мән-жай мынадай. Путинцева Парижге барып, қызу жаттығуға кіріскен, Алайда, украиналық Марта Костюкпен болатын ойын алдындағы дайындықта тізесін ауыртып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Медициналық тексеруден өткен соң кездесуден бас тарту туралы шешімге келген.
"Париж Олимпиадасы біз үшін сынақпен басталуда. Алдымен Елена Рыбакина сырқатына байланысты бас тартса, бүгін Юлия Путинцева жарақатына байланысты жарысты тоқтатты. Екі спортшыға да үлкен үмірт арқан едік, өкінішті", – деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу