Отандасымыз WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасында 81 ұпайға көтеріліп, 490-орынға жайғасты.
Жарақатына байланысты екі жылға жуық алаңға шықпаған Зарина өткен айдың соңында алғаш рет WTA 1000 категориясы бойынша Бейжіңде (Қытай) өткен турнирдің негізгі жеребесіне жолдама алды.
Ол іріктеуден өтті, бірақ 1/64 финалдық кезеңде Тайланд спортшысы Мананчае Савангкаевқа есе жіберіп алды – 2:6, 3:6.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ITF Juniors демеушілігімен мансабындағы алтыншы жүлдені жеңіп алғаны хабарланған болатын.
Ал, Елена Рыбакина төртінші орыннан бесінші орынға төмендеді – ол америкалық спортшы Кори Гауффтан жеңіліп қалды.