10-орынға Айя Нупбай мен Асылжан Арыстанбекова ие болды. Қос жерлесіміз теннисте ерекше рекордқа ие болды! Айя Нүпбай мен Асылжан Арыстанбекова ITF Juniors санатындағы жұптық сында 9-ы жарыста жеңімпаз атанды, оның жетеуін қыздарымыз 2022 жылы жеңіп алды!
Өткен жылы қазақстандық жасөспірімдер керемет нәтижелерге қол жеткізді: Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Еуропа рейтингінде ұзақ уақыт бойы бірінші орында тұрды, үш қазақстандық теннисші 2022 жылды Азия рейтингінде бірінші орынмен аяқтады: олар: Альбина Кәкенова, Сафина Сафиулина (Алматы) және Темірлан Кәрім (Астана). Аружан Сағандықова, Сандуғаш Кенжібаева, Жанель Рүстемова және Максим Батютенко жасөспірімдер арасындағы барлық төрт "Үлкен дулыға" турнирінде өнер көрсетті.
Қазақстандық Юлия Игнатченко мінбедегі төрешінің күміс белгісіне ие болды. Юлия әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақты қазақстандықтар арасынан бірінші болып алып отыр. Күміс белгіге (Silver Badge) қол жеткізу үшін кемінде халықаралық деңгейдегі 60 матчқа қазылық етіп, алтын белгісі бар төрешілер мен супервайзерлерден жақсы баға алу керек. Сосын ITF, ATP, WTA және Grand Slam жиын өткізіп, кімге беретінін шешеді. Күміс белгі иегерлері "Үлкен дулығадан" бастап кез келген негізгі жарыстарға қазылық жасай алады.
Қазақстандық, әлемнің 142-ракеткасы Тимофей Скатов италияның Парма қаласында өткен челленджер турнирінің чемпионы атанды. Солтүстік қазақстан облысының тумасы қазақстандықтарды осы жеңісімен қуантты. Финалда Тимофей дүниежүзілік рейтингіде 156-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликпен бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен ойында Скатов 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тимофей өзінің теннистік мансабында жекелей сында алғашы Челленджер санатындағы чемпинодық атағына қол жеткізді.