Қазақстанның әйелдер құрама командасы алғаш рет ілем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, Елена Рыбакина бастаған қыздарымыз Астанада азулы Германия кұрамасые 3:1 есебімен жеңді. Топтық кезеңде біздің команда Ұлыбритания құрамасын жеңіп, ал екінші ойында өкіншкі орай Испания құрамасына жол беріп жартылай финалға шыға алмады. Дегенмен, біздің құрама рейтингте әлемнің үздік 10 командасының қатарына кірді. Ал, Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогының финалдық кезеңінде үшінші рет өнер көрсетті.
2022 жыл қазақстандық жас теннисшілер үшін табысты болды. Чехияның Простеев қаласында теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында мәреге жеткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік төрттікке ілікті. Қазақстандық жасөспірімдер мұндай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысқанына қарамастан, әлемдегі үздік құрамалармен терезесі тең өнер көрсетті. Топтық бәсекеде әлем чемпиондары - Италия құрамасын жолдан тайдырып, ширек финалға шықты. Өкінішке қарай, қола жүлде үшін матчта қазақстандық жасөспірімдер әлемнің екі мәрте экс-чемпионы - АҚШ құрамасына жол берді.
Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өткен турнирде жеңіске жетті. Қазақстанның бірінші ракеткасы финалда Токио Олимпиадасының чемпионы, сол кезде әлемнің 3-ші ракеткасын неміс Александр Зверевті 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл қазақстандық теннисшінің мансабындағы ATP 250 сериясындағы жарыста иеленген алғашқы жүлде. Бұған дейін ол төрт финалда жеңіліп қалған.
Аустралия ашық біріншілігі жұптық сайысының финалисі болған Анна Данилина өтіп бара жатқан жылдағы қазақстандықтардың жеңісті жолын жалғастырды. Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатриз Аддад Майямен финалда чехиялық Барбора Крейчикова мен Катерина Синяковадан 7:6, 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Жалпы, бір жыл ішінде Анна жеті турнирде жеңіске жетті (оның 2-і WTA 500 және 250 санатында), осы жетістіктер арқасында Данилина WTA қорытынды чемпионатына қатысуға және жыл соңында әлемдік жұптық рейтингте 11-орынға ораналасуына мүмкіндік берді.
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған ATP 500 сериясының турнирі үлкен табыспен өтті. Оған әлем рейтингісіндегі ТОР-10 тізімінің 6 ойыншысы қатысты. Astana Open трансляциясын әлемнің 170 елінен 7 миллионнан астам адам тамашалады. Турнирді ойыншылар мен ATP өкілдері жоғары бағалады. "Үлкен дулыға" турнирінің 21 дүркін чемпионы, әлемнің 7-ракеткасы Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Сербиялық теннисші финалда әлемнің 6-ракеткасы, грециялық Стефанос Циципасты 6:3, 6:4 есебімен жеңді. 35 жастағы Джокович АТР санатындағы 90-шы титулын қоржынына салды.
Финалдық сында Елена тунистік теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді тартысты өткен кездесуде, 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша, Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасында тұңғыш рет жекелей сында "Үлкен дулыға" жарысының жеңімпазы атанды.