Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг Кубогындағы қарсыластары анықталды

326

Лондонда әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі өтті.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг Кубогындағы қарсыластары анықталды Фото: ktf.kz

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Аустралия және Колумбия командаларымен бірге "D" тобына түсті. Жеребе нәтижелері:

А тобы: Канада, Румыния, Жапония (қожайын).

B тобы: Чехия (қожайын), Испания, Бразилия.

C тобы: Словакия (қожайын), АҚШ, Дания.

D тобы: Аустралия (қожайын), Қазақстан, Колумбия.

E тобы: Польша (қожайын), Швейцария, Украина.

F тобы: Ұлыбритания, Германия, Нидерланд (қожайын).

Іріктеу ойындары 2025 жылдың 7-13 сәуірі аралығында өтеді. Алты топтағы үш команда түрлі елдерде, соның ішінде Аустралия, Чехия және Жапонияда ойнайды. Құрамамыз өнер көрсететін D тобының матчтары Жасыл құрлықта өтеді.

Биыл "Билли Джин Кинг Кубогы" форматында өзгеріс орын алды. Жарыс 12 командалық финалдық турнирден сегіз командалық форматқа көшеді. Бұл "Дэвис Кубогының" қазіргі финалдық форматына сәйкес келеді. Әр топтың жеңімпаздары финалдық кезеңге шығады.

Қорытынды турнир 2025 жылдың қараша айында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді. Оған  Италия құрамасы (2024 жылғы чемпион) және Қытай құрамасы (турнир қожайыны) автоматты түрде жолдама алды.

Әр топта 2-3 орын алған командалар аймақтық топтық турнирлердің үздік командаларымен бірге плей-офф кезеңінде жарысатын болады. 2026 жылдан бастап іріктеу және плей-офф кезеңдерінде матчтарды өткізу дәстүрлі "үйде немесе сыртта" қағидасына қайта оралады. 

Айта кетейік, өткен турнирде Қазақстан құрамасы финалдық кезеңге бір қадам жетпей, Жапония командасына жол берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу