Теннистен Қазақстан ерлер командасына жаңа капитан тағайындалды

125

Құраманың бұрынғы капитаны Юрий Щукин әйелдер командасының капитаны болды. 

Теннистен Қазақстан ерлер командасына жаңа капитан тағайындалды

Келесі жылы Дэвис кубогында Қазақстан ерлер құрамасы жаңа капитанмен өнер көрсететін болды.

Қазақстан ерлер құрамасының жаңа капитаны болып Диас Досқaрaев тағайындалды. Ол бұл қызметке Юрий Щукиннің орнына келді.

"Ұлттық құраманы қайтадан басқару – мен үшін үлкен мәртебе. Дэвис кубогы ерекше турнир. Мұнда тек шеберлік пен физикалық дайындық қана емес, сонымен қатар командалық рух, мінез және ел алдындағы жауапкершілік аса маңызды. Бізде ойыншылардың мықты буыны бар. Ал, менің басты міндетім – бірлікке, өзіне сенімге және бар күшін салуға негізделген атмосфера қалыптастыру", – деді Диас Досқараев.

Диас Досқaрaев Қазақстан құрамасын 2012-2019 жылдары жеті жыл бойы басқарды. Ол құраманы 2013, 2014 және 2015 жылдары ширек финалға, 2019 жылы жаңа форматтағы Дэвис кубогында финалдық кезеңге дейін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу