Теннистен Қазақстан құрамасы АҚШ-қа жол берді

143

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан құрамасы АҚШ-қа 1:2 есебімен есе жіберді.  

Теннистен Қазақстан құрамасы АҚШ-қа жол берді Фото: ҚТФ

Шешуші нәтиже жұптық кездесуде анықталды. Қазақстан сапынан кортқа шыққан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева америкалық Тейлор Таунсенд пен Джессика Пегулаға қарсы ойнады.

Алғашқы сетте америкалықтар екі брейк жасап, басым түсті – 6:2. Екінші партияда қазақстандықтар 4:1 есебімен алға шыққанымен, қарсыластар таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып әкетті – 7:6 (7:1).

Осылайша, 18 дүркін жеңімпаз АҚШ құрамасы жартылай финалға өтті. Онда олар Жапония – Ұлыбритания кездесуінің жеңімпазымен кездеседі. Екінші жартылай финалда Италия мен Украина жолығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу