Теннистен Қазақстан – Нидерланды кездесуін Кукушкин бастайды

1597

Нұр-Сұлтанда Дэвис Кубогінің іріктеуіне жолдама алу үшін кездесетін Қазақстан мен Нидерланды құрамаларының арасында жеребе тарту рәсімі өтті.

Теннистен Қазақстан – Нидерланды кездесуін Кукушкин бастайды

Кездесу 6-7 наурыз еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанда болады. Ойынның жеңімпазы 23-29 қараша Мадридте өтетін ерелер теннисіндегі ең беделді турнирлердің біріне жолдама алады. Іріктеу кезеңіндегі кездесу екі команданың теннисшілерінің бірінің үш жеңісіне дейін өтеді. Сондықтан жеребе де үлкен рөль атқарады.

Жеребеге сәйкес 6-наурыз күні өтетін Қазақстан-Нидерланды құрамаслары арасында өтетін кездесуді Әлемнің 91теннисшісі қазақстандық Михаил Кукушкин мен Әлемнің 169 ракеткасы Робин Хасе ашатын болады. Бұл екі қарсылас осыған дейін екі мәрте, 2014-жылы және 2019-жыдары кездескен. Және кездесулердің екеуінде де Кукушкин жеңген болатын. Және бұл кездесулер жекелей жарыс бойынша өткен. Ал Дэвис Кубогінде олар алғаш рет бір-біріне қарсылас атанып отыр.  

Ал 6-наурыз күнгі екінші кездесуде Әлемдік рейтингте 51-орында тұрған қазақстандық Александр Бублик пен әлемнің 196 ракеткасы Таллон Грикспур сынға түседі. Сенбі күнге бірден 3 кездесу жоспарланған. Жұп болып өнер көрсетуден Александр Недовесов пен Андрей Голубев Уэсли Кулхоф пен  Жан-Жюльен Ройерге қарсы өнер көрсетеді.

Сонымен қатар наурыздағы іріктеуге
Хорватия – Индия, Бельгия – Венгрия, Аргентина – Колумбия, АҚШ – Өзбекістан, Аустралия – Бразилия, Италия – Оңтүстік Корея, Германия – Беларусия, Чехия – Словакия, Аустрия – Уругвай, Жапония – Эквадор и Швеция – Чили қатысады. Осы аталған мемлекеттердің қайсысы жеңіске жетсе, бірден финалға жолдама алады.

Ермұхамед Мәулен



 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу