Теннистен Олимпиадаға іріктеу қалай өтеді?

692

Олимпиадалық теннис турнирін жыл сайын Франция ашық чемпионаты өтетін Ролан Гарростың сазды корттары қабылдайды. 

Теннистен Олимпиадаға іріктеу қалай өтеді? Фото: 1kr.ua

Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 134 күн қалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Жалпы ережелер

2024 жылы Парижде 5 дәстүрлі теннис жарысы өтеді: ерлер арасындағы жекелей және жұптық, әйелдер арасындағы жекелей және жұптық, аралас жұптық жарыстар (микст). Барлығы 172 лицензия сарапқа салынады. Теннисшілердің бірнеше санатта ойнайтынына байланысты олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Әрбір Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) 12 лицензияға дейін (6- ерлер, 6-әйелдер) ала алады. Жекелей сында төрт спортшы, жұптық сында бір жолдама, аралас жұптық сында бір жолдама.

Олимпиадаға лицензия алу үшін теннисшілер Халықаралық теннис федерациясының (ITF) талаптарына сай болуы шарт. Оған Дэвис кубогы мен Билли Джин Кинг кубогына қатысу керек. 2024 жылдың 10 маусымында жаңартылған ATP және WTA рейтингтері арқылы төртжылдықтың басты додасына жолдама алатын теннисшілердің көпшілігі анықталады.

Жекелей жарыс

Жекелей жарысқа 64 теннисші қатысады. Рейтинг негізінде олардың 56-сы анықталады. Францияға қабылдаушы мемлекет ретінде әрбір жарыста бір жолдама алуға мүмкіндік беріледі. Бірақ француз теннисшілері жалпы негізде іріктеуден өткен жағдайда бұл лицензиялар пайдаланылмайды. Тағы алты лицензияны ITF бөледі. Ал бір жолдама әмбебаптық принципі бойынша беріледі.

ITF жолдамалары Америкадағы (2023 жылғы Панамерика ойындарында ерлер мен әйелдер арасындағы жалғыз финалистер), Азиядағы (2022 жылғы Азия ойындарындағы ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей финалистер) және Африкадағы (ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында) құрлықтық ойындардың финалистеріне үлестіріледі.
Қалған екі лицензия басқа критерийлер бойынша іріктеуден өте алмаған алдыңғы Олимпиада ойындарының немесе "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы үшін сақталады. Басты шарты олар рейтингте үздік 400 теннисші қатарында болуы қажет.

Жұптық сайыс

Әрбір жұптық жарыста 32 дуэт болады. Ең көбі бір ҰОК-тен екі теннисшіден. Квоталарды бірінші болып ATP және WTA жұптық рейтингі бойынша үздік 10 теннисші алады. Содан кейін жалпы рейтингі бойынша жолдамалар бөлінеді. Ойындарға қатысуға рұқсат алған спортшылары бар жұптарға басымдық беріледі.

Аралас жұптық сайыс

Бұл жарыстарға жеклей немесе жұптық сында Ойындарға жолдама алған теннисшілер ғана қатысады. Барлығы 16 жұп бар және әрбір ҰОК-нен бір жұп. Жұп серіктестердің жалпы рейтингі негізінде анықталады.

Олимпиада ойындарына қазақстандық теннисшілерден кімдер барады?

Олипиада коммитетінің жоғарыда аталып өткен талаптарына сәйкес Қазақстан атынан ерлер арасында жекелей сында Александр Бублик, жұптық сында Александр Недовесов, ал әйелдер арасында жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, жұптық сында Анна Данилина өнер көрсетеді.

Париж Олимпиадасындағы теннис жарыстары 2024 жылдың 27 шілдесінде басталып, 4 тамызда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу