Теннистен Президент кубогі: Григорий Ломакин алғашқы жеңісіне қол жеткізді

465

Григорий Ломакин ширек финалға шығу үшін әлемнің 407-ракетасы, ресейлік Евгений Донскоймен таласады.

Теннистен Президент кубогі: Григорий Ломакин алғашқы жеңісіне қол жеткізді Фото: ratel.kz

Президент кубогі үшін Астанада өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирінде қазақстандық Григорий Ломакин алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дүниежүзілік рейтингіде 763-орында тұрған қазақстандық теннисші бастапқы айналымда әлемнің 529-ракеткасы, норвегиялық Виктор Дюрасовичпен күш сынасты.

Г.Ломакин рейтингіде төмен тұрғанына қарамастан, ширақ ойнап, 6:4, 6:2 есебімен басым түсті. 1 сағат 12 минутқа созылған бәсеке барысында ол 6 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Дюрасович 4 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Григорий Ломакин ширек финалға шығу үшін әлемнің 407-ракетасы, ресейлік Евгений Донскоймен таласады.

Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Әмір Омарханов алғашқы кездесуін әлемнің 794-ракеткасы, ресейлік Максим Жуковпен өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу