5 сәуірде өнер көрсеткен жеті қазақстандық боксшының алтауы Thailand Open турнирінің жартылай финалына шықты. Олардың арасынан Сұлтан Мусинов тамаша өнер көрсетті. 63 келіге дейінгі салмақта Мусинов вьетнамдық Ву Тан Датты бір минутта нокаутқа жіберді. Ол қарсыласын екі рет нокдаунға түсіргеннен кейін, төреші бірден кездесуді тоқтатты. Мусинов жартылай финалда тағы бір қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаевпен кездеседі. 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Санатәлі ширек финалда Қытайлық Тайпейлік Чу-Эн Лаймен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Төлтаев төрешілердің бірауыздан шығарған шешіммен жеңіске жетті. Кездесу барысында қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсірді.
Сонымен қатар Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов те ширек финалдық кездесуінде жеңіске жетті. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асланбек филиппиндік Маржон Пианармен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Шымбергенов қарсыласын бірінші раундта екі рет нокдаунға түсіріп, кейін филиппиндік жарақат алды. Келесі раундтарда қазақстандық тағы да филиппиндікті нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.
Бүгін, 6 сәуірде Thailand Open турнирінде Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға шығады. Сонымен, 2021 жылғы Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін) жартылай финалда таиландтық Танарат Саенфетпен, ал Серік Теміржанов (57) сингапурлық Мохамед Ханурдин Бин Хамидпен жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де басталатын күндізгі сессияда өтеді.
15:00-ге жоспарланған кешкі сессияда қазақстандық Нұрбек Оралбай (81) Тайландтық Анават Тонгкатокпен жұдырықтасады.
Сондай-ақ жартылай финалда өнер көрсететін барлық қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды:
63 келі: Санатәлі Төлтаев (Қазақстан) - Сұлтан Мусинов (Қазақстан)
69 келі: Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Атичай Фомсап (Таиланд)
75 келі: Аятулла Тәкіжанов (Қазақстан) - Сумит (Үндістан)
81 келі: Нұрбек Оралбай (Қазақстан) - Анават Тонгкаток (Таиланд)
91 келі: Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) - Айбек Оралбай (Қазақстан)
Ермұхамед Мәулен