Онда Қазақстанның аталған келісімге келуіне негіз болатын жайттар жан-жақты талданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстанның бұл қадамы мұқият ойластырылған, прагматикалық, жан-жақты есеппен жасалған әрекет ретінде бағаланған.
Президенттің дипломатиялық шеберлігі мен стратегиялық ойлау қабілеті бірнеше рет ерекше аталған. Мақалада ең алдымен бұл шешімге Вашингтондағы кей сарапшылар таңқалғаны айтылады.
Сонымен қатар, Қазақстанның не себепті Ибраһим келісімдеріне қосылғанына қатысты сұрақтар туындағаны сөз болған.
Мақалада Қазақстанның прагматикалық мақсатты көздегені көрініп тұр. Ал Қазақстан қабылдаған шешімдер өте нәзік геосаяси жағдайда тұрған мемлекеттің ұтымды әрекеті ретінде көрсетіледі.
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қатысуы мен Ақ үйде өткен кездесулері Мәскеу мен Бейжіңге өз елінің тәуелсіз саясат жүргізіп отырғанын білдіреді делінген.
Мақала "Ибраһим келісімдеріне қосылу – Вашингтонның оң назарын аудару үшін ойластырылған, прагматикалық қадам" деп қорытындыланған.
Мақалада C5+1 кездесуінен бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевпен қысқа сұхбатқа сілтеме жасалған және екі сарапшының пікірлері келтірілген.
Олар Қазақстанның шешімін теңдестірілген, тиімділігі жоғары, сыртқы саясатта қарым-қатынасты әртараптандыруға арналған деп көрсетеді.