Әйгілі қақпашы Тибо Куртуа "Ле Ман" клубына инвестиция салды

466

Бельгиялық қақпашы Тибо Куртуа алаңдағы сенімді ойынымен ғана емес, енді іскерлік қадамдарымен де назар аудартуда. 

Әйгілі қақпашы Тибо Куртуа "Ле Ман" клубына инвестиция салды Фото: goal.com

19 ақпанда 33 жастағы футболшы Францияның "Ле Ман" клубының тең иесі атанғаны ресми түрде расталды.

Тибо Куртуа футболдағы әсерлі сейвтерімен танымал. Бұл жолы ол "сейвті" инвестициялық нарықта жасағандай әсер қалдырды. Мадридтің "Реал" клубының негізгі қақпашысы мансабының биік кезеңінде болашағын ойлап, футболдан тыс бағытта да өз орнын нығайтуға кірісті.

Айта кету керек, Тибо Куртуа бұл жобада жалғыз емес. Бұған дейін "Ле Ман" клубы әлемдік спорт жұлдыздарынан инвесторлар тобын тартқан.

Олардың қатарында 24 мәрте "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы Новак Джокович, "Формула-1" жарысының өкілі Кевин Магнуссен және 2008 жылғы маусымның вице-чемпионы Фелипе Масса бар. Аталған спортшылар өткен жылдың тамыз айында клуб акцияларын сатып алып, директорлар кеңесіне енген еді.

Reuters агенттігінің мәліметінше, инвестициялық келісімді бразилиялық OutField тобы басқарған.

Қазіргі таңда "Ле Ман" Францияның екінші дивизионында өнер көрсетеді. Танымал спортшылардың клуб құрылымына келуі команданың имидждік тартымдылығын арттырып қана қоймай, қаржылық мүмкіндігін де кеңейте түсетіні анық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу