Өткен жылдың желтоқсан айында сатылым басталған сәттен бері сегіз ай ішінде Chery қазақстандық дилерлері 1500-ден астам жаңа автокөліктерді сатты.
Бұл туралы жақында Алматыда өткен БАҚ-пен кездесуде Қазақстандағы Chery өкілдері хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, ресми дистрибьютор "Астана Моторс" компаниясының құрамына кіреді.
Бренд жақсы жылдамдықпен көшбасшылыққа ұмтылуда. 2022 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Chery Қазақстандағы ең танымал автобрендтер рейтингісінде Renault, Nissan, Volkswagen-ді басып озып, сегізінші орынға жайғасты. Қазақстандық сатып алушыларға ұнамды модель – Chery Tiggo 7 Pro, брендтің жалпы сатылымында оның үлесіне 55% келеді.
Автосарапшылар мен әлеуетті клиенттер қытайлық концерннен бұдан да технологиялы жаңа өнімдерді қызығушылықпен күтеді, ендігі жерде қытайлық дизайнерлер Pro "төрттігіне" әзірлеген youthful fashion ұранын ескере отырып, Chery Tiggo 4 Pro – "жастарға арналған сәнді модельге" алдын ала тапсырыс беру басталды.
Айта кетейік, жаңа өнім арналған жас санаты – 36 жасқа дейін.
Модельді америкалық GM-нің бұрынғы дизайнері Стив Юмның басшылығымен халықаралық Chery дизайнерлер командасы құрды. Стивтің Cadillac, Chevrolet, Buick of China, South Korea, California General Motors-та жұмыс өтілі бар.
Жаңа Tiggo 4 Pro жаңартылған сыртқы және ішкі көрінісімен, жақсартылған қауіпсіздік жүйесімен және жаңа технологиялы ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Pro "төрттігінде" 3D-матрица стиліндегі радиатор торы, тартымды жеңіл қорытпалы дискілер, диагоналы сәйкесінше 7 және 10,25 дюймдік аспаптар тақтасының жаңа дисплейі және мультимедиа, интерьердің атмосфералық көмескі жарығы және жүргізуші мен жолаушылар үшін көбірек жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да опциялар пайда болды.
Tiggo 4 Pro толық жиынтығында турбоүрлеммен 4 цилиндрлі қозғалтқыш бар, ол жаңартылған CVT25 трансмиссиясымен бірге 210 Нм (1750~4000)/147 а.к. қуат береді.
Айтқандай, CVT25 әлемнің үздік беріліс қораптарының ондығына кіреді деп есептеледі.
Қытайдан қызмет көрсету орталықтары үшін авто және түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді тікелей жеткізу – Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторының басты артықшылықтарының бірі. Әлемдік автонарық пандемиялық және геосаяси дағдарысқа байланысты логистикада қиындықтарға тап болып жатқанда Chery Уху (Аньхой провинциясы) – Алматы бағыты бойынша тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз етуде.
Ухудан Алматыға дейінгі жол екі аптадан сәл асады, қазіргі уақытта Tiggo 4 Pro легі Қазақстан-Қытай шекарасында, сондықтан ықшам қалалық кроссовердің сатылымы жақын күндері ашылады.
Модель Prestige, Premium, Luxury жиынтықтарында ұсынылады.
Tiggo 4 Pro Алматыға жеткізілгеннен кейін дистрибьютор автокөліктерді Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Атырау, Павлодар қалаларының дилер орталықтарына таратады. Келешекте Тараз, Ақтау, Талдықорған, Өскемен, Қызылорда, Көкшетау және Семей қалаларында Chery автоорталықтары пайда болады. 2023 жылдың соңына дейін желінің дилер орталықтарының саны 17-ге дейін өседі, бұл қазақстандықтардың көбісі "технологиялы Chery" көлігіне жақындай түседі дегенді білдіреді.
"Модель таныс, бірақ жаңаруы қандай! Менің айтпағым: Chery Tiggo 4 Pro ескі модельдердің премиум-келбеттерінен сыналып екшеліп шықты, онда бәрі өте ықшам әрі күрделі, қымбат. Мен үшін бұл нарықтағы жаңа ойыншы. Меніңше, бізді тәуелсіз сынақтар күтуде және нәтижелерден кейін ғана біз: сапасы мықты екен деп айта аламыз", – деп автокөлік журналисі Роман Масленников жаңа модельдің нарыққа шығуына түсініктеме берді.
Енді тест-драйвқа тапсырыс беруге және Chery автокөлігін онлайн-дилерден "үйден шықпай-ақ" сатып алуға болатынын айта кету керек. Тамыз айында Mycar.kz IT компаниясы және Chery ресми дистрибьюторы Mycar.kz-ке қытай брендінің жаңа автокөліктерін сату құқығын беретін келісімге қол қойды.
Жұмысының алғашқы екі аптасында Mycar.kz онлайн-дилері төрт Chery автокөлігін қашықтан сатты. Бүгінгі таңда онлайн-маркет клиенттеріне Алматы қаласы шегінде жеткізу жүзеге асырылады. Келешекте қызмет еліміздің басқа қалаларында да қолжетімді болады.
Қазақстандағы Chery дилерлік желісінде жеке тұлғалар мен корпоративтік сектор үшін ыңғайлы Mycar Finance арнайы бағдарламалары мен пакеттік ұсыныстары әрекет етеді. Бірқатар қазақстандық ірі компаниялар қазірдің өзінде бизнес үшін 25-тен астам Chery кроссоверін сатып алды.
"Chery-ге отандастарымыздың көңілі ауып, ол барған сайын танымал бола түсуде және технологиялығы, әсіресе қауіпсіздік саласында кең опциялар жиынтығы, автокөліктердің сенімділігі және баға мен сапаның оңтайлы арақатынасы арқасында сатылымның жоғары нәтижелерін көрсетуде", – дейді Chery дистрибуциясының директоры Нұрлан Шамгонов.
Соңғы айларда Chery Қазақстандағы жетекші автобрендер 10-дығында өзінің жайғасымын нығайтты. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша бренд маусым айында 312 автокөлік және шілде айында 378 автоавтокөлік сату арқылы қытай брендтері арасында көшбасшы болды, маусымға қатысты шілде айының өсімі – 21%.
Жалпы бүгінде бүкіл әлем бойынша қытай компанияларының автокөлік өндірісі мен сатылымы қарыштап өсуде. Мысалы, осы жылдың маусым айында Қытай автокөліктер сату бойынша әлемдік көшбасшы болды – 2 млн 483 мың бірлік, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 29,5%-ға жоғары ("АВТОСТАТ" талдау агенттігінің деректері).
Chery әлемдік сатылымдардың өсу қарқынын басқаларға қарағанда белсенді түрде арттыратындардың қатарында – 2021 жылы өсім өткен жылмен салыстырғанда 31,7%-ды құрады. Бүгінгі таңда Chery-дің 10 млн-нан астам клиенттері бар, олардың 2 миллионы – ҚХР-дан тыс жерлерде, оның ішінде Қазақстанда (Chery Holding деректері).