Тігіншілердің таңдауы – "Nur Otan"

975

"Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге  жетеміз!" деген  ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізіп жатқан "Nur Otan" партиясының жезқазғандық кандидаттары  мен олардың сенімді өкілдері Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен іске қосылған "Ютария LTD" өндірістік-инновациялық компаниясының тігін цехында болды. 

 Тігіншілердің таңдауы – "Nur Otan"

Жеңіл өнеркәсіп саласы қызметкерлерімен кездесуге келгендердің қатарында Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Силар Қияқбаев, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бауыржан Шыңғысов пен Төреқожа Тілемісовтің сенімді өкілдері Асқар Нұржанов пен Айгүл Туғанбекова бар. Еркін форматта өткен жиынның алғысөзін алған Силар Қияқбаев еліміздің жетекші партиясы "Nur Otan"-ның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

"Партияның сайлауалды бағдарламасы биылғы науқанға орай әрбір өңірге жеке дара әзірленді. Бағдарлама жасақталмас бұрын осыған дейін ұйымдастырылған праймеризде халықтан түскен өтініштер ескерілді, оған қоса жергілікті әкімдікпен жиындар ұйымдастырылып, өңірде дамытуды қажет ететін салалар бойынша жұмыстар қамтылды. Мысалы, Жезқазған қаласында шешімін таппай келе жатқан ауызсудың сапасы, экологиялық ахуал мен инфрақұрлымды дамыту сынды өзекті мәселелер мысты өлкенің сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан.  Бір сөзбен айтқанда бағдарлама сарапталып, талқыланып, даму, өрлеу қағидасын ұстанады", – деген кандидаттың сөзін Асқар Нұржанов жалғады. Ол өз сөзінде "Nur Otan" партиясының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттарына тоқталды.

Ең алдымен "Nur Otan" партиясы мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға күш салатынын, инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерге индекстеу жүргізетінін алға тартқан сенімді өкіл әлеуметтік көмек көрсетудің тәсілдерін біріздендіруге, оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай әлеуметтік кодексті әзірлеу жоспарының да партияның межелеген ауқымды шаралары қатарында барына назар аудартты.  

Жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, "Nur Otan" партиясы еңбек нарығының сұранысын ескере келе, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, кадрларды қайта даярлау бойынша кешенді шараларды қолға алатынын тілге тиек еткен Айгүл Туғанбекова отандық өндірушілерге қолдау көрсету де партияның басым бағыты екенін жеткізді. Алдағы жылдары мемлекеттік "Қарапайым заттар экономикасы", "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламалары аясында кәсіпкерлікті өркендетуге арналған қолдау шаралары кеңейтіліп, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнімдер шығаратын жаңа өндіріс орындарын ашуға басымдық берілетінінен хабардар болған тігін цехының еңбеккерлері әр қазақстандыққа лайықты өмір сыйлауды мақсат еткен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бастаған "Nur Otan" партиясы мен оның кандидаттарын бірауыздан қолдайтындарын айтты.

"Сәтті орайлы пайдала отырып, халқының мүддесін бәрінен жоғары қойған Нұрсұлтан Назарбаевқа, ол төрағалық ететін "Nur Otan" партиясына алғыс білдіргім келеді. Ола ел басына күн  туғызған мына пандемия кезінде демеу күткен көпке қаржылай қолдау көрсетіп, бір қуантты. Қолдауды сезінгендердің қатарында мен де бармын", – деген тігіншілердің бірі "нұротандық" кандидаттар саяси додада көш басынан табылатынына сенім білдірді.

"Nur Otan" партиясы Қарағанды облысының Жезқазған қалалық саулау қорынан төленді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу