Тимофей Скатов Бразилиядағы турнирді жеңіспен бастады

1308

Кампинас Челленджер турнирінің жүлде қоры 50 мың АҚШ долларынан астам.

Тимофей Скатов Бразилиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның төртінші ракеткасы Тимофей Скатов Бразилияның Кампинас қаласындағы "Челленджер" додасын сәтті бастады. Жүлде қоры 50 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың бірінші кезеңінде Тимофей аргентиналық ойыншы Ренцо Оливаны жеңді. Тәжірибелі оңтүстік америкалық теннисші әлемдік рейтингте 186-орында тұр. Ал 20 жасар қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 259 сатыға жайғасқан. 29 жастағы қарсыласын 6:3, 7:6 есебімен жеңу үшін Тимофей Скатовқа екі сағатқа жуық уақыт қажет болды.

Енді қазақстандық теннисші келесі кездесуде жеңіске жетсе, жекелей сында ширек финалға жолдама алуы мүмкін. Бразилиялық турнирдегі оның келесі қарсыласы әлі анықталған жоқ. Пабло Куевас (Уругвай) пен Андреа Колларини (Аргентина) арасындағы сайыс аяқталғаннан кейін Тимофейдің қарсыласы белгілі болады.

Сонымен қатар қазақстандық теннисші Денис Евсеев Хельсинкиде (Финляндия) өтіп жатқан Челленджер іріктеу турнирінің жекелей финалында Чехия өкілі Йонас Форейтекке қарсы кездесу өткізді. Өкінішке орай екі сеттің қосындысы бойынша Евсеев 2:6, 3:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Ойын төсеніші қатты алаңда өтті және бір сағатқа созылды. Кездесу барысында Қазақстан өкілі 17 геймнің бесеуінде жеңіске жетіп, үш рет допты ойынға қосу барысында қателесті және бір брейк-пойнтты жасады. Осылайша, Евсеев жекелей сында Челленджер сериялы турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу