Тимофей Скатов Швециядағы турнирде қарсыласын ойсырата ұтты

397

Қазақстандық, әлемнің 230-ракеткасы Тимофей Скатов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тимофей Скатов Швециядағы турнирде қарсыласын ойсырата ұтты Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарында 1-ракетка болып тіркелген, дүниежүзілік рейтингіде 135-орында тұрған италиялық Маттео Гигантені ойсырата ұтты – 6:1, 6:0.

Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Скатов 3 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Гиганте 2 эйс, 1 брейктен (2 брейк-пойнт) аса алмады.

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 158-ракеткасы, тағы бір италиялық Андреа Пеллегриномен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу