Жиында көтерілген маңызды тақырыптың бірі жаңа мамандарды кәсіптік-техникалық бағытта дайындау мәселесі болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы сұранысқа ие мамандарды дайындау және оған бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану қажеттілігіне назар аударып, Ақтөбе облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасына аймаққа қажет кәсіби мамандардың сараптамасын дайындауды тапсырды. Мысалы, өткен жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаппай жұмысшы мамандарын дайындауға арналған (тас қалаушы, ағаш ұстасы, дәнекерші және т.б.) қысқамерзімді оқыту қолға алынған болатын.
"Бүгінде мамандарды колледж қабырғасында 3 жыл бойы оқыту экономикалық тұрғыдан тиімді емес. Осы 3 жылдың 1,5 жылы мектеп бағдарламасы. Былтыр кәсіпорындар жанындағы 189 оқу орталығы шамамен 8 мың адамды оқытты. Олар тезірек ақша тауып, өздерін асырап, қызмет көрсетуі үшін мамандарды дайындау мерзіміне назар аударатын боламыз. Мамандарды дайындаудың дұрыс бағдарын бірге қалыптастыру керек", – деді Тимур Құлыбаев.
КҰП басшысы шағын және орта бизнестің 30%-дан асатын жақсы көрсеткіштерін атап өтті, себебі бұл аймақ индустриялық өңірге жатады. Ірі кәсіпорындар, мұнай, тау-кен компаниялары орналасқан өңірде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін ары қарай да арттырудың әлеуеті зор.
"Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік сектор мен ұлттық холдингтар үшін отандық тауар өндірушілердің тізімін дайындаудамыз. Таяу уақытта"Самұрық-Қазына" ұлттық-әл-ауқат қорымен жол картасына қол қою жоспарланған. Олар өздерінің сатып алуларынан ірі тауар көрсеткіштерін бөледі. Осы тізімге өндірістік аумағы, еңбек ұжымы мен тиісті біліктілігі бар жергілікті кәсіпорындар ену үшін әкімдік дирекциясы жақсылап жұмыс істеу керек. Осы кәсіпорындардың базасында басқа да салаларды дамытуға, жаңғыртуға, сервиске шағын бизнесті тартуға болады. Бос жерде бастағаннан гөрі, өңірде барды қолданған дұрыс. Сіздерің өңірлеріңіз қуатты индустриялық өңір. Осындай ірі бағдарламаға белсенді түрде қатыса аласыздар деп ойлаймын", – деді Тимур Құлыбаев.
atameken.kz