Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

2554

Қазақстан ҰОК Президенті отандастарын шын жүректен құттықтай отырып, баршаға табыс тіледі.

Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады Фото: olympic.kz

"Қадірлі қазақстандықтар! Жаңа жыл қарсаңында ізгі тілегімді қабыл алыңыздар!

Жаңа жылда жаңа белестер мен жаңа бастамалардан үміт күтеміз.

Келе жатқан 2020 жыл Сізге берекелі, табысты жыл болсын! Биылғы жылдан да берер несібесі мол, қызығы көп болсын!

Сізді және Сіздің жақындарыңызды шын жүректен құттықтай отырып, денсаулық, бақыт, махаббат пен табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен – Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу