Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

2063

1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады.

Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

1 желтоқсан күні қазақстандықтар ел президентінің 2011 жылғы жарлығы бойыша Тұңғыш Президент күнін атап өтеді.  Осы орайда, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

"Құрметті қазақстандықтар, спортшылар, бапкерлер мен жанкүйерлер! Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен олимпиадашылар қауымы Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды. Бұл мерекені біз бейбіт күнде бірлікпен атап өтіп, тәуелсіз Қазақстанның іргетасы қаланған сәттен бастап бүгінге дейін Елбасымен жүріп өткен шақтарымызды еске аламыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әрі қолдауымен бір тәуелсіздіктің алғашқы айларында-ақ халықаралық олимпиадалық қозғалыстың мүшесі атанды. Тұңғыш Президентіміз еліміздегі спорттың дамуына үлкен үлес қосып, отандық атлеттерге үнемі қолдау көрсетті. Бүгінде біздің спортшыларымыз арқылы бүкіл әлем халқы Қазақстанды жарқын мемлекет ретінде тануда. Сіздерге әрқашан байрағымызды биік ұстап, Қазақстан намысын абыроймен қорғап, спортта да, өмірде де олимпиадалық құндылықтар – теңдік, ынтымақтастық, бейбітшілік мен достықтан ажырамауды тілеймін! Құрметпен, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитет Президенті – Тимур Құлыбаев", – делінген құттықтау мәтінінде.

Айта кетсек, бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күнінің құрметіне ел аумағында түрлі шаралар өткізіліп, мерекелік концерттер болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбегі атап өтіледі. Сондай-ақ, алыс-жақын шет мемлекеттерден де Тұңғыш Президенттің атына құттықтау хаттары түсіп жатады. Бұл Елбасының халықаралық қатынастарда да тың бастамаларға ұйытқы болғандығын, зор беделге ие екендігін көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу