Тимур Құлыбаев Ресейдің теңіз портын сатып алғалы жатыр

1928

Ресей Федерациясы үкіметінің комиссиясы Ленинград облысында орналасқан Высоцктегі теңіз айлағын сатып алуына келісім берді.

Тимур Құлыбаев Ресейдің теңіз портын сатып алғалы жатыр

28 сәуір күні Ресей шетелдік инвестицияларды іске асыруды бақылау жөніндегі үкіметтік комиссиясы Қазақстан азаматы Тимур Құлыбаевтың Ленинград облысында орналасқан Высоцктегі теңіз порты активтерін сатып алу туралы өтінішін мақұлдады деп мәлімдеді Ресейдің монополияға қарсы қызметінің басшысы Игорь Артемьев. Бұл туралы ақпаратты ресейлік "Ведомости" басылымы таратып отыр.
"Үкіметтік комиссия тарапынан қолдау тапқан өтініш бірқатар ресейлік акционерлерден Высоцк портын сатып алатын Қазақстан азаматы Құлыбаев Тимур Асқарұлына тиесілі. Бұл порт ресей-финляндия шекарасынан 50 шақырым және Санкт-Петербор қаласынан 90 шақырым жерде орналасқан. Ол осы портты өз бақылауына алады, бұл Кедендік одақ жұмысының жалғасы іспетті, сондай-ақ қазақстандық өкіл Балтық теңізі портына қатысты үлкен активтерді де сатып алып жатыр. Бұл барлығымызды қуантып отыр", – деп басылым комиссия отырысының қорытындысы бойынша Игорь Артемьевтің сөзін келтірген.
"Ведомости" басылымының жазғанына сүйенер болсақ, қазір Высоцкіде көмір стивидоры "Порт Высоцкий" ЖШҚ (кипрлік "Сибенко холдинг" бақылауда ұстап отыр) және "Лукойл"-дың мұнай құятын терминалы – "РПК Лукойл-II" ЖШҚ жұмыс істейді. Теңіз портында жылдық қуаты 660 000 тонна болатын сұйытылған табиғи газ терминалы салынып жатыр. Жобаны "Криогаз-Высоцк" ЖШҚ салуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Высоцк порты жүкті ауыстырып тиеуді 3%-ға 17,6 млн тоннаға дейін арттырды. Мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу 5%-ға 10,4 млн тоннаға дейін төмендесе, ал көмірді ауыстырып тиеу 16%-ға 7,1 млн тоннаға дейін өскен.

Тимур Құлыбаев – қазақстандық бизнесмен және қоғам қайраткері. Қазіргі уақытта "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы, KazEnergy Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қауымдастығы басшысы, "Газпром" ЖАҚ-тың тәуелсіз директоры, сондай-ақ Ұлттық олимпиада комитетінің президенті.
Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу