Тимур Құлыбаевтың анасы өмірден өтті

1831

Ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына шықты. 

Тимур Құлыбаевтың анасы өмірден өтті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады.  

Қадірлі Тимур Асқарұлы! Біз орны толмас қайғыңызға ортақпыз.  Раиса Алдабергенқызын білетін жандар оның жүрегі мейірімге толы, ақжарқын адам болғанын айтады. Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды. Осындай қиын сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы Сіздің жанұядағы ауыр қазаға ортақтасады. 
 
Inbusiness.kz және Atameken Business редакциясы да анасының қайтыс болуына байланысты Тимур Құлыбаевқа көңіл айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу