Astana - Premier Tech-тың тағы екі шабандозы Уго Уль мен Алекс Аранбуру да өздерінің жауынгерлік рухын паш етті. Жарыс кезінде бірнеше шабуылдар жасап, кезеңді үздік жиырма шабандоз арасында аяқтады.
Ұзақтығы 205 шақырым болатын 5-кезеңді шартты түрде екі бөлікке бөлуге болады. Жарыстың 100 шақырымдық бірінші бөлігі толығымен тегіс аймақ болса, ал екінші жүз шақырымы көптеген қысқа, бірақ өте тік асулардан тұрды. Кезең басындағы жоғары жылдамдыққа қарамастан төрт шабандоз алға озып, төрт минуттай басымдылыққа ие болды. Бұл уақытта Astana - Premier Tech Фабио Феллине, Уго Уль және Алекс Аранбурудың көмегімен алдыңғы қатартда болды.
Кастелфидардодағы соңғы айналымға шыққан бойда арасында Алекс Аранбуру бар фавориттер тобы көшбасшыларды қуып жетті. Мәреге үш айналым қалғанда кезеңнің жеңімпазы Матье ван дер Пул жекелей жойқын шабуыл жасап, оны ешкім қуып жете алмады. Дәл осы шабуыл оған жеңіс сыйлады. Сонымен қатар, Уго Уль мен Фабио Феллине алдымен қуғыншылар тобына ауысып, содан кейін Феллине қайтадан қарсы шабуылға шығып, Матье ван дер Пулдың ізіне түсті.
Феллине бар күшін салып күресті. Нәтижесінде жарысты төртінші болып аяқталды. Ал Уго Уль 16-шы, Алекс Аранбуру 19-шы болып мәреге жетті.
Бүгінгі кезеңнің қорытындысы бойынша Astana - Premier Tech жалпы командалық есепте көш бастады.
"Көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Якоб бізге жарысты өз бақылауымызға алуға мүмкіндік бергенде, Уго екеуміз қарсы шабуылға шығып, Алекстің тобына көштік. Ол топта мен көп нәрсеге дайын болдым және соңғы айналымда таулы аймақтың шабандоздары басымдылыққа ие болатынын біліп, мен алдын-ала шабуыл жасауға бел будым. Бүгін күн өте суық болды. Бірақ мен бар күшімді жинап, басымды төмен түсіріп, артқа қарамай, тек алға қарай жүрдім. Бұл, аздап жылынуға мүмкіндік берді. Жарыс күні өте ауыр болды. Бірақ "Тур де Франс" жеңімпазы сияқты шабандоздардан соң алғашқы бестікте жарысты аяқтағаным өте жақсы нәтиже. Бүгінгі сарпылған күш-жігер текке кеткен жоқ", - деді Фабио Феллине.
"Біріншіден, мен Фабионы керемет және әдемі жарыстан кейінгі төртінші орын иеленгенімен құттықтағым келеді. Сондай-ақ, бүгін Алекс Уго сияқты қолайсыз ауа-райы жағдайларына төтеп бере алатындығын тағы бір дәлелдеді. Үшеуі де үздік жиырма шабандоздың қатарынан табылды. Кезең оңай болған жоқ. Ауа-райы да өз әсерін тигізді. Жаңбыр соңғы айналымдарды жарыс жолын тайғақ және қауіпті етті. Бірақ біз құламадық. Якоб Фульсангтың жолы болған жоқ. Суық ауа-райы оған қатты әсер етті. Бірақ команда ретінде біз өте жақсы өнер көрсеттік және командалық есепте көш бастадық", - деп қоса кетті спорт директоры Бруно Ченьялта.
Тиррено – Адриатико. 5-кезең. Кастеллалто – Кастелфидардо, 205 шақырым.
Кезеңнің үздік үштігі: 1. Матье ван дер Пул (Alpecin-Fenix); 2. Тадей Погачар (UAE Team Emirates); 3. Ваут Ван Арт (Team Jumbo-Visma)
Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 4. Фабио Феллине; 16. Уго Уль; 19. Алекс Аранбуру.
Ермұхамед Мәулен