ТМД елдері бақылаушылар миссиясы кезектен Президент сайлауына баға берді

1423

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алаңында ТМД елдері Атқарушы комитеті бақылаушыларының брифингі өтті.  

ТМД елдері бақылаушылар миссиясы кезектен Президент сайлауына баға берді  Фото: Риза Исаева

ТМД елдері бақылаушылар миссиясының жетекшісі Сергей Лебедев кезектен тыс Президент сайлау жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz

ТМД бақылаушылары сайлау өткізу барысын бақылау кезінде ешқандай кедергіге жолықпаған. 

"Біз қалаған ақпаратты алып, сөйлескіміз келген адаммен сөйлестік", – дейді Сергей Лебедев.

Оның пікірінше, елдегі кезектен тыс Президент сайлау барысына дайындық өте жоғары деңгейде болды, сондай-ақ сайлау алдындағы ақпараттық кампания да тиімді, ауқымды өтті. 

"Президенттікке кандидаттар өз бағдарламаларын сайлаушылар алдында көрсетуге, айтуға мүмкіндік алды. Сондықтан Қазақстан азаматтарының үміткерлердің бағдарламасымен тиісті деңгейде танысуға мүмкіндігі болды. Кандидаттарды тіркеу  де жүйелі өтті. Барлық кандидат жоғары білімді, мемлекеттік-қоғамдық құрылымдарда жұмыс істеген, лайықты тұлғалар болды. Олар өз бағдарламаларында сайлаушыларының, азаматтардың тұрмыс сапасын көтеруге баса мән берді", – деді Сергей Лебедев. 

ТМД елдері бақылаушылар миссиясының жетекшісі Сергей Лебедевтің айтуынша, кандидаттардың  сайлау алды бағдарламаларында Қазақстанның посткеңестік елдермен байланысын арттыру туралы пункт болды. СпикерТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты арттыруда бұл аса маңызды екенін атап өтті. 

ТМД елдері бақылаушылар миссиясының өкілдері Қазақстан қалаларында және Астанада мыңнан аса учаскеде болып, сайлау барысын бақылаған. 

Сергей Лебедев үміткерлердің сайлау алды кампаниясы барысында "қара пиар" болмағанын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, кандадиттар негізінен бағдарламасын сайлаушыларына жеткізуге тырысты және оппоненттеріне қарсы сынға, жағымсыз әрекетке барған жоқ. Сондықтан Қазақстанда сайлау кампаниясы таза, ашық болып, достық ниетте өтті. 

Сондай-ақ, Сергей Лебедев, сайлаушылардың дауыс беруге отбасымен келуі, сайлау учаскелерінде көтеріңкі көңіл-күйдің қалыптасуына ықпал еткенін айтады. 

"Сайлаушылар өз учаскелерін шатастырып жатты. Бірақ оның өзінен ешқандай заң бұзу немесе  әбестік көріп отырған жоқпыз, ол техникалық қате. Сайлау комиссияларының мүшелері учаскелерін таппай жүрген сайлаушыларға жедел көмектесіп жатты. Сонымен қатар, сайлау процессіне кедергі келтіретін өрескел заң бұзушылық байқаған жоқпыз. Дегенмен, сайлау учаскелерінің бірінде байқаушыларға арналған студияның ыңғайсыз орналасқанын көріп, бақышауларға ыңғайлы болу үшін урнаның орнын ауыстыруға ықпал еттік",–  дейді Сергей Лебедев.

ТМД миссиясының аясында Қырғызстаннан келген бақылаушылар Алматы, Шымкент қалаларында және облыстарда жұмыс істеген.  

"Сайлау комиссиялары жүйесі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде жұмыс істеді. Кандидаттарға да, сайлаушыларға да барлық мүмкіндік жасалған. Инклюзивті мүмкіндіктерге де аса жоғары деңгейде көңіл бөлініпті.  Дауыстарды санау барысы ашық өтті. Өйткені біздің бақылаушыларымыз дауыстарды санау барысына да қатысты", - деді қырғызстандық бақылаушылар өкілі Нұржан Шайлдабекова. 

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылауға ТМД елдерінен 174 бақылаушы келген. Миссияның 10 ұзақмерзімді бақылаушысы  елімізде 27 қазанда жұмысын бастаған, ал сайлау  алдында ТМД-ға мүше 9 елден бақылаушы келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу