Тоқаев: Жаңаөзенді дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық

2326

Мемлекет басшысы бүгінгі экономикалық кеңесте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың баяндамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тоқаев: Жаңаөзенді дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық Фото: google

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев биыл өңірде 39 мың жұмыс орны, соның ішінде 32,5 мың тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарлап отырғанын айтты.

Оның айтуынша, жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін облыс бюджетінен 1,4 млрд теңге бөлінген.

"Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіру қажет. Жалпы, Жаңаөзен – мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті, біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады", – деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Маңғыстау облысындағы жұмыссыздық мәселесіне де тоқталды.

"Батыста, әсіресе, Маңғыстауда, жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл – дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетуі мүмкін. Сондықтан жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арнайы жоспар бойынша атқару қажет.

Мысалы, бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы, біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Бұл үлкен жұмыс. Бұл әкімнің, Үкіметтің құзырында тұрақты түрде болу керек", – деді Қ.Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу