"Тобыл" "Атыраудан" басым түсті

708

Қазақстан кубогы аясында "Тобыл" мен "Атырау", "Ордабасы" мен "Астана" өзара мықтыны анықтады.

"Тобыл" "Атыраудан" басым түсті

Маусымның 28-і күні "Тобыл" пен "Атырау" арасында футболдан Қазақстан кубогының бірінші жартылай финалдық ойыны өтті. Ойын Қостанайда өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Жалғыз голдың авторы қостанайлық команданың босниялық легионері Асмир Сулич. "Тобылдың" "Атыраумен" қарымта кездесуі 8 шілдеде өтеді.

Айта кетейік, қостанайлық "Тобыл" биылғы футбол маусымының бюджетін оңтайландыруды жоспарлап отыр. Клуб қазірдің өзінде мансабын Таиландта жалғастыратын ең жоғары жалақы алған ойыншыларының бірі - шабуылшы Игорь Сергеевпен қоштасты. Оның орнына "Тобыл" жаңа шабуылшы алуды жоспарлап отыр. Оның жалақысы Өзбекстан құрамасының ойыншысынан бірнеше есе аз болады. Сондай-ақ, "Тобыл" "Астанаға" ауысатын Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марочкинмен қоштасады.

"Астана" Қазақстан кубогының бірінші жартылай финалында шымкенттік "Ордабасыға" қарсы ойында жеңіске жетті. Кездесу Астанада өтіп, алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Сербиялық жартылай қорғаушы алаңға шыққаннан кейін бірден гол соқты.

Кездесу аяқталған соң "Астананың" бас бапкері матчқа қатысты ("Астана" -"Ордабасы" 1:0) пікір білдірді.

"Біріншіден, жанкүйерлер үшін қызықты матч болды. Бұл Кубоктың жартылай финалы. Сондықтан біз салмақты қарсыласпен екі ойын күтіп тұрғанын жақсы білеміз. Менің ойымша, екі команда да кездеуді өте сақтықпен бастады. Бірақ 25-минутта ашық футбол басталды. Ойынның сапасы туралы айтар болсақ, жақсы болды. Позициялық күрес болды. Ең бастысы, ойыншылар жарақат алмады. Бұл біз үшін қазір өте маңызды", - деді Григорий Бабаян.

Қазақстан кубогы аясында "Астана" мен "Ордабасы" арасындағы қарымта кездесу 6 шілде, бейсенбі күні Шымкентте өтеді. Еурокубок ойындарына келер болсақ, 12 және 19 шілдеде елордалықтар Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Тбилисидің "Динамосымен" (Грузия) ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу