Кездесу 1:0 есебімен Тобылдың жеңісімен аяқталды. 8-минутта-ақ Ахмед Эль-Мессауди гол соқты. Бірінші ойыннан кейін қостанайлықтар екі орталық қорғаушыдан тұратын құрамға көшті және бұл нәтиже берді. Алаң ортасына қосымша ойыншы алған команда допты көбірек бақылауға кірісті. Нәтижесінде "Ружомберокты" қысымға алды. Есеп ашылған соң словакиялықтардың гол соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ, Стас Покатилов тамаша ойнады.
Сонымен қатар "Тобыл" ойыншыларының физикалық тұрғыдан ақсап тұғанын байқауға болады. Жалпы, қостанайлық команда толық физикалық дайындықта болғанда, "Ружомберокты" еш қиындықсыз жеңіп, еурокубоктегі өнерін жалғастырар еді.
Осы жеңісіне қарамастан, өкінішке қарай "Тобыл" Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама ала алмады. Өйткені командалардың Словакиядағы бірінші кездесуі "Ружомбероктың" ірі жеңісімен аяқталды — 5:2. Енді қостанайлықтар Конференция лигасына жолдама алып, екінші турда швейцариялық "Санкт-Галленмен" ойнайды. Ал словакиялық команда Еуропа лигасының екінші турында түріктің "Трабзонспорымен" кездеседі.