"Тобыл" еурокубоктің келесі кезеңіне өтті

1709

"Тобыл" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің ойынында сырт алаңда "Линкольн Ред Импс" командасын 1:0 есебімен жеңді.

"Тобыл" еурокубоктің келесі кезеңіне өтті

Қостанайлық "Тобыл" өз алаңында гибралтарлық "Линкольн Ред Импсті" ұтып, Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Кездесудің 31-минутында айып алаңы арқылы шығарған пастан кейін сербиялық легионер Зоран Тошич жеңіс голын соқты.

Айта кетейік, бұл "Тобыл" үшін еурокубок маусымындағы екінші жеңісі болды. Бұған дейін қазақстандық команда венгриялық "Ференцвароштан" (0:0, 1:5) басым түскен болатын.

Қостанайлық команданың келесі қарсыласы албаниялық "Тирана" мен Босния және Герцеговинаның "Зриньски" командасы арасында өтетін кездесудің жеңімпазы болмақ. Үшінші турдың ойындары 4 және 11 тамыз күндері өтеді.

"Линкольн Ред Импс" (Гибралтар) – "Тобыл" – 0:1 (жалпы есеп – 0:3)

Гол: Зоран Тошич 31

Ескертулер: Нано 13, Мустафа Яхая 14 – Багдат Каиров 27, Серж Дебле 80

"Линкольн Ред Импс": Дэйл Коулинг (В) – Хесус Тоскано, Бернарду Лопеш (К), Джон Серджант, Скотт Уайзмен (Этан Бритто 54) – Мустафа Яхая, Лиам Уокер, Киан Ронан – Кике Гомес (Ли Кашаро 61), Нано (Рой Чиполина 74), Хуан Пенья;

Бас бапкер: Рауль Кастильо.

"Тобыл": Александр Мокин (В) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Кайыров, Душан Йованчич, Самат Жарынбетов (Владислав Васильев 82), Асхат Тагыберген (К) (Серікжан Мужиков 74) – Айбар Жақсылықов (Серж Дебле 59), Зоран Тошич (Мильян Вукадинович 74);

Бас бапкерМилан Миланович.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу