Қостанайдың "Тобыл" футбол клубы 28 жастағы франциялық қорғаушы Райан Сенхаджимен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Райан Сенхаджи – Францияның "Сошо-Монбельяр" клубының түлегі. Кәсіби мансабында ол Францияның "Безье" және "Сошо" клубтарында, Болгарияның "Монтана", "Пирин" және "Левски" командаларында, Данияның "Яммербугт" клубында, Алжирдің "ЖС Кабилия" командасында, сондай-ақ Ресейдің "Факел" (Воронеж) және Әзербайжанның "Сумгаит" клубтарында өнер көрсеткен.
"Франциялық орталық қорғаушы "Тобылмен" келісімшартқа қол қойды. Бойы 190 сантиметр қорғаушы алаңдағы жылдамдығымен және әуе доптарындағы сенімді ойынымен ерекшеленеді. Әзербайжан чемпионатында әуедегі допқа талас-тартыстың шамамен 92 пайызын өз пайдасына шешкен" - делінген клубтың ресми хабарламасында.
Осылайша, тәжірибелі қорғаушы жаңа маусымда қостанайлық команданың намысын қорғайтын болады.