Бұл тамыз айынан бастап қазақстандық ойыншылардың Ресей чемпионатында легионер болып саналмайтындығына байланысты мүмкін болып отыр.
Қыста 26 жасар шабуылшы Туланың "Арсенал" футбол командасымен келіссөздер жүргізген. Бірақ соңғы сәтте екі тарап келісімге келе алмағаны белгілі болды. Сонымен қатар, Мұртазаевқа Самараның "Крылья Советов" және Қазан қаласының "Рубин" футбол клубтары қызығушылық танытқан. Енді Қазақстан чемпионаты қайта басталған соң тағы да біраз ресейлік клубтар оны бақылауға алады. Қазақстан премьер-лигасының ойындары тоқтағанға дейін Мұртазаев екі ойынға қатысып, бір гол соққан. Сондай-ақ, ол "Тобылдың" оқу-жаттығу жиындарында да гол салып жүрген болатын.
Роман Мұртазаевтың Қостанай футбол клубымен жасаған келісім-шарты бойынша, егер де Ресей премьер-лигасының клубтарынан ұсыныс түссе, онда ол "Тобыл" командасынан еркін футболшы ретінде кете алады. Мұртазаев пен қостанайлық клуб арасында жасалған келісім-шарт 2020 жылдың желтоқсанында аяқталады.
Ермұхамед Мәулен