"Тобыл" - Қазақстан Суперкубогінің иегері

2042

Қазақстан Суперкубогының финалдық матчында қостанайлық "Тобыл" "Астанамен" кездесті.

"Тобыл" - Қазақстан Суперкубогінің иегері

Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Суперкубогінің финалында елордалық "Астанамен" кездесті. "Түркістан Аренада" өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында "Тобылдың" асығы алшысынан түсіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Григорий Бабаян шәкірттері Суперкубок иегері атанды.

Ойындағы алғашқы голды 14-минутта Сергей Малый Серікжан Мұжықовтың бұрыштамадан асырған пасынан кейін соқты. Ал 90-минутта Марин Томасов айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестіріп, ойынды пенальти сериясына ұластырды.

Пенальти сериясында Александр Мокин Роман Мұртазаевтың соққысын тосып, командасына жеңіс сыйлады. Жолы болмаған "Астана" турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты.

"Тобыл" — "Астана" 1:1 (1:0), пенальти 5:4
Голдар: 
Малый 14 (1:0), Томасов 90+1 (1:1)
Пенальти сериясы: Бейсебеков — 0:1, Мұжықов — 1:1, Чуперка — 1:2, Аманович — 2:2, Муртазаев (қақпашы) — 2:2, Тағыберген — 2:3, Барсегян — 3:3, Йованчич — 4:3, Томасов — 4:4, Нұрғалиев — 5:4. 

Естеріңізге сала кетсек, үшінші орынға таласта алматылық "Қайрат" пен қарағандылық "Шахтер" кездескен болатын. Нәтижесінде кездесу 2:1 есебімен аяқталып, "Қайрат" клубы Қазақстан Суберкубогінің қола жүлдегері атанды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу