"Тобыл" Конференция Лигасында

1466

Келесі маусымда қостанайлық клуб жаңа еурокубок турнирі – Конференция Лигасына қатысады.

"Тобыл" Конференция Лигасында

Сары-жасылдар "Астана" мен "Шахтер" сияқты екінші раундтан бастап жарысқа қатыса бастайды. Топтық кезеңнің алдында үш іріктеу кезеңі мен плей-офф кезеңі өтеді. Плей-офф кезеңі өз ішінен негізгі және чемпиондар жолы болып бөлінеді. Оған Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасынан шығып қалған командалар кіреді.

Жаңа турнирге УЕФА-ның барлық 55 ұлттық қауымдастығынан 184 команда, оның ішінде Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасынан өтетін 46 клуб қатысады.

Топтық кезеңге тікелей жолдамалар болмайды. Бұл кезеңге 32 команда кіреді: Конференция Лигасының негізгі жолы арқылы 17 клуб, конференция лигасының чемпиондар жолы арқылы бес клуб, Еуропа Лигасының плей-офф раундынан шыққаннан кейін 10 клуб кубокты сарапқа салады.

Лиганың сегіз тобының жеңімпаздары 1/8 финалға тікелей шығады. Екінші орын алғандар Еуропа Лигасының топтарында үшінші орынындағы командалармен 1/8 финалдың қалған сегіз жолдамасын өзара сарапқа салады. Матчтар бейсенбі күні өтеді деп жоспарлануда. Екінші іріктеу кезеңінің ойындары 22 және 29 шілдеге белгіленген. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Биылғы маусымда сәтті өнер көрсеткен "Тобыл" Қазақстан премьер-лигасының күміс жүлдесін жеңіп алды. Ал Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) өткен айды қорытындысы бойынша қостанайлық футбол клубының бас бапкерін OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік бапкері деп танылды.

Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді таңдады. Сауалнама нәтижесі бойынша қараша айының үздік бас бапкері атағын "Тобыл" командасының жаттықтырушысы Григорий Бабаян және "Шахтер" командасының бапкері Константин Горовенко жеңіп алды. Қос маман 4 ұпайдан жинады. Осылайша, "Тобыл" биыл тамаша нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу